«Алем» бағдарламасының білім беру гранты

Жұмыстарды қабылдау

05.12 2017
14.06 2018

Жеңімпаздарын жариялау

10.07 2020

Байқау соңына дейiн:

Еліміздің ең үздік жоғары оқу орындарында тегін білім алғыңыз келе ме?

"Сәби" қайырымдылық қоры сіздің таңдауыңыз бойынша еліміздің кез келген жоғары оқу орнында оқуға грант алу мүмкіндігін береді! Біз түрлі салаларындағы Қазақстанның ең дарынды жастарды іріктеп алып, бүкіл оқу кезеңіне толық оқу ақысын төлейміз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен Сіздерге өз грамоталарымды қалай көрсете аламын? Мен "Әлем" Бағдарламасының сарапшыларына өз аудио немесе бейнежазбаларымды (өз көркем жұмыстарымды, мүсіндерімді, фотожұмыстарымды) қалай көрсете аламын? Мен бағалау үшін неше ән немесе сурет жібере аламын?

Кең таралған тәсілдердің бірі - бар аудио/бейнежазбаларды, фотожұмыстарды, мүсіндердің фотосуреттерін, грамоталардың және басқа құжаттардың сканерленген көшірмелерін кез келген Сізге ыңғайлы сайтқа - бейнепорталға немесе файл алмастырғышына - жүктеу. Осындай жағдайда, «Сауалнаманы толтыру ережелеріне» сай, Сізге тек alemsaby.kz сайтында Сіздің аудио-және бейнежазбаларыңыз сақталатын гиперсілтемелерді көрсету ғана қалады.

Бағалау үшін Сіздің 3 ең үздік жұмысыңыз жеткілікті. Егер сарапшылар комиссиясы үміткерлердің қосымша жұмыстарын қарап шығуын қажетті деп санаса, біз Сізбен байланысқа шығамыз да бұл туралы хабарлаймыз.

Іріктеу комиссиясы "Сәби" Қайырымдылық Қорының "Әлем" Бағдарламасы бойынша қолдау алуға үміткерлерді қалай таңдайды?

Тіркеу кезінде www.alemsaby.kz сайтында қалдырылған үміткерлер туралы алдын ала ақпарат іріктеу комиссиясына тапсырылады.

Егер іріктеу комиссиясы алынған материалды қызықты деп тапса, "Әлем" Бағдарламасының қызметкерлері үміткерлерді сарапшылармен тікелей кездесуге шақырады.

Үміткер өзі өзін сарапшыларға жеке ұсынатын кездесу нәтижелері бойынша, хаттама жасалады, оның негізінде нағыз дарындар "Сәби" Қайырымдылық Қорының қолдауын алу мүмкін.
Қазақстандық жастар "Әлем" Бағдарламасы туралы қалай біледі?

Жас дарынды адамдардың тіпті ең түкпір жерлерде де "Әлем" Бағдарламасы туралы білетіні өте маңызды. Осы үшін түрлі ақпарат беру тәсілдері қолданды. Қор қызметкерлерінің елдің 17 елді мекендеріне шығуы ұйымдастырылған. Бүкіл Қазақстан бойынша аудандық білім беру бөлімдеріне және тікелей мектептерге ақпараттық хаттар жіберілген. «Мұғалім.kz» республикалық журналында жарнамалық хабарландырулар жүйелі басылуда.  

Өтінімдерді қабылдаудың шектеу мерзімі бар ма?
Шектеу мерзімі жоқ.

Гранттар қандай номинациялар бойынша беріледі?

Гранттар 5 номинация бойынша беріледі: үлкен сахна, өнер, нақты ғылым, гуманитарлық ғылым және спорт.

Грант бойынша ең көп сома қандай?
Барлығы жеке түрде. Әрине, бюджеттің мақсаттылығы және негізділігі бағаланады. Әйткенмен, Қор барлық өтінімдерді қарастыруға дайын.

Үміткерлерді іріктеу кезінде негізгі критерийлер қандай?

"Әлем" Бағдарламасы бойынша Гранттарды алуға үміткерлерді іріктеу кезіндегі негізгі критерийлер болып табылатындар: бірегей талап, әлеует, дарын, жетістіктер, мектептегі немесе басқа оқу орындардағы үлгерім. Үміткерлердің әлеуметтік жағдайы назарға алынады.

Қандай өтінімдер қарастыруға қабылданбайды?

Қарастыруға қате рәсімделген өтінімдер қабылданбайды. Негізгі қателер: Сауалнаманың барлық тармақтары бойынша жауаптар жоқ. Дөрекі орфографиялық және грамматикалық қателер. Қызықты емес түйіндеме. Эсседе белгілердің жеткіліксіз саны.

Іріктеу нәтижелері туралы жауапты қанша уақыт ішінде күтуге болады?

Келесі іріктеу кезеңіне өткен кезде, қатысушылар міндетті түрде электрондық пошта бойынша хабарландырылады. Ай ішінде жүйелі түрде Сіз өтінімді жіберген e-mail-ді тексеру қажет. Егер Сізге жауап келмесе, демек Сіздің өтініміңіз іріктеуден өтпеді.

Жеңімпаздар болып па?

Жыл сайын "әлемдіктер" қатарлары толықтырылады. Қазақстанның түрлі түкпірлеріндегі көптеген балалар түрлі санаттар бойынша Қордан Гранттарды алып та қойды.

"Әлем" Бағдарламасы аясында қандай да бір конкурстар өткізіле ме?

Иә. Балалар және 24 жасқа дейінгі жастар арасында мемлекет тіліндегі жыл сайынғы ақындар конкурсы басталған. Қатысуға өтінімдерді қабылдау қаңтардан 01-нен бастап, соңғы күнін қоса алғанда мамырдың 31-не дейін жүргізіледі. Басты жүлде - ноутбук және бейінді оқу орындарында оқуға Грант бөлу мүмкіндігі.

Іріктеу комиссиясының мүшелері туралы айтыңызшы?

Іріктеу комиссиясы мүшелерінің деректері осы бетте жарияланады, "Әлем" Бағдарламасына қатысуға үміткерлерді іріктеу барысында жүйелі түрле жаңартылады.

Грант алушылардың Қор алдындағы қандай да бір міндеттемелері бар ма?

Қордың қызметінің әлеуметтік бағыттылығын ескере отырып, Грант алушыларда Қор алдында ешбір қаржы, кепіл немесе өзге міндеттемелері жоқ. Білім Гранттарын алған студенттер, Қор мен Грант алушы арасында жасалатын Келісімнің шарттарына сай, оқуды аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасы аумағында 7 жылдан кем емес жұмыс жасау міндеттемесін көтереді.

Егер мен жеңімпаз болып атансам және Білім Грантына ие болып табылсам, бұл мен таңдап алған оқу орнына автоматты түрде алынуды білдіреді ме?

Қор білім Грантын бөледі, яғни тек қана оқуды төлейді. Оқу орнына түсу және алыну Қорға байланысты емес. Сізге түсу процесімен өзара айналысу қажет. Егер Сіз түспеген болсаңыз, Грант жойылады.

Өтінішті қалай жіберсе болады?

Өтінішті келесі сілтеме бойынша жіберілуі мүмкін, бірақ сауалнаманы толтыру алдында ережелермен толық танысқан жөн.

Байқаудың жаңалықтары