Мемлекеттік тілдегі ақындық конкурс

Жұмыстарды қабылдау

18.01 2019
31.05 2019

Жеңімпаздарын жариялау

01.06 2019

Байқау соңына дейiн:

«Сәби» Қайырылымдылық Қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі Сегізінші балалар өлеңінен ақындар сайысы (бұдан әрі - Конкурс) өткізілетіні жайлы жария етеді.

Конкурсты өткізу мерзімдері
Конкурс 2019 жылдың 03 қаңтары мен 2019 жылдың 31 мамыр аралығында өткізіледі. 

Конкурсқа ашық қатысу
Конкурсқа қазақ тілінде жазатын 24 жасқа дейінгі авторлар қатыса алады. Тұратын жеріне, азаматтығына және ұлтына мән берілмейді.
Қорытынды шығару және Конкурстың басты қорытындыларын Конкурс сайттарында жариялау – 01 маусым 2019 жыл.

Конкурстың мақсаты
1. Қалың жұртшылықтың назарын қазіргі заманғы балалар поэзиясына аудару.
2. Оқырман қауымға қазақ тілінің сөз байлығын, көркемдігін, тазалығын және мағына тереңдігін паш ету.
3. Қазақ тілін қазақ мәдениетінің әдеби және өнегелік негізі ретінде насихаттау. 
4. Қазіргі заманғы дарынды қазақ тілді ақындарды анықтау, олардың шығармаларын көпшілікке, әдебиеттанушыларға және баспагерлерге ұсыну. 
5. Олардың жұмыстарын балалар өлеңдерінің жинағына жариялауға қаржылай қолдау көрсетуге мүмкіндік, шығармашылық дамуына және елге танылуына ықпал жасау.

Марапаттар 
Жеңімпаз басты жүлде – ноутбукқа және кейіннен оқу бітіргеннен кейін профильді оқуының ақысын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Байқаудың жаңалықтары