«Алем» Бағдарламасының бірінші халықаралық гранты

12/12/2012
Көрулер: 1158

Нью – Йорк... Бұл қаланың атын естігенде ойларыңа не келеді? әрине, шексіз мүмкіншілік!

18 жасар бозбаланың атақты Нью-Йорк кино академиясында оқитынын білгендегі ішкі сезімін көз алдарыңа елестету қиын емес! Медет Шаяхметов «әлем» жас дарындарды қолдау бағдарламасыныңаясында «Саби» қорының халықаралақ грантының иегері болды. Жаңа жылдан бастап Медет оқуын «Кино режиссері» мамандығы бойынша үш жылдық бағдарламамен Академияда жалғастырады. 
 

Белгілі киномектеп қазіргі заманға сай, атақты оқытушылардың оқу методикасын үйренуге, атағы дүниежүзіне тараған әртістермен мастер класс жүргізіп, сынақ мерзімінде профессионалды жабдықтарды қолданып, ерекше тәжірибе және тереңдей білім алуға ұсынады. Бүгінгі кезде көптеген голливудтық режиссерлармен мен әртістер өз балаларына осы атақты оқу орнын таңдайды, солардың қатарында Стивен Спилберг, Питер Богданович, Ал Пачино, Джимми Фокс, Джоди Фостер, кіші Роберт Дауни, Стивен Фрис и Джордж Ромео, Сьюзан Сарандон и Тим Робинсон, Кевин Кляйн, Пирс Броснан, және т.б.
 
Бір ай болмай жас «әлем иегері» жер шарының жартысын озып, миллиондаған адамның арман қаласының бизнес, сән, өнер әлемінің ортасына түседі.

Біздің отандасымыз қазақ кинематографиясының намысын жерге қарайтпай және де күннің бір күнінде «Оскар» сыйлығын ең үздік шетел киносы бойынша жеңіп алатына үміттенеміз.