«Бастау» кинофестивалінің қорытындысы

30/10/2015
Көрулер: 509

Қазан айының 21 мен 25 аралығында Алматы қаласында Бесінші Халықаралық студенттер фильмдері мен киномектептерінің «Бастау» кинофестивалі өтті. «�?лем» Бағдарламасының аясында «Сәби» Қоры осы кинофестивальдің демеушісі болды.

«Bekmambetov Cinema 3D» кинотеатрында алматылықтар және қала қонақтары қазіргі жастардың заманауи киносын көруге мүмкіншіліктері болды. Байқауға қатысқан жұмыстардың бағасын Қазақстан, Ресей және Германияның киноөнерінің беделді қайраткерлері халықаралық қазылар алқасы берді.

10 номинация бойынша жеңімпазы болып 4 мемлекеттің жас қатысушылары сайланды. Сондай-ақ арнайы 1 миллион теңгеден ақшалай гранттарымен 2 қазақстандық студенттік жобалар белгіленді. Бұл қаражат өздерінің ұсынып отырған сценарий бойынша қысқаметражды фильмдерді түсіруге арналған.

18 мемлекеттің 40 жуық қонақтар, олардың ішінде белгілі режиссерлер, әртістер, әлем киномектептерінің мұғалімдері мен жетекшілері, сонымен қатар 200 астам студенттер мен Қазақстанның беделді кинематографиялық оқу орындарының түлектері фестивальдің байқауға қатысты емес жұмыстарына белсенді қатысты.