Бизнес сайсының түлектерімен ынтымақтастық

16/11/2018
Көрулер: 1143

«Сәби» Қоры «Өз ісіңді баста» байқауының финалистеріне гранттар ғана бөліп қана қоймай, әрқашанда оларға қодан келгенше қолдау көрсетеді. Біз сайыс жүлдегерлерімен үнемі өзара әрекеттесеміз. Олардың көпшілігі Қордан қосымша қолдау алып жүр, мысалы: біз кейбіреуіне тапсырыс береміз, кеңсеге арналған арзан орын-жайларды жалға тауып береміз, ақысыз жарнама жасаймыз, түрлі салаларда бірлесіп қызмет атқарамыз.

Мұндай ынтымақтастықтың ең бір жарқын үлгісі - бұл «Өз ісіңді баста 2017-2018» жеңімпаздарының бірі Елдос Баяшышбаевтың «Талдықорған қаласындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жатақхана құрылысы үшін жобасы» болып табылады.

Осылайша, байқауда бірінші орын алған аталмыш жас кәсіпкер 50 000 АҚШ доллары көлеміндегі грантқа қол жетіп қана қоймай, үстінен қосымша құрылыс компаниясының 30 000 000 теңгеге тең қызметтері түрінде қолдау алды. Оның құны біздің Қорға жүктелді.

Жатақхананың құрылыс жұмыстары осы жылдың қазан айында басталды.  Енді жобаны әрі қарай іске асыру тек қана Елдостың пысықтығына тікелей байланысты болады.  Нысанның аяқталуы  2019 жылдың аяғына дейін бітіріледі деп жоспарлауда.