«Әлем» бағдарламасының қатысушысы Астанада Әкімнің жаңа жыл алдындағы Балында өнер көрсетті

12/01/2011
Көрулер: 482

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында өткізілген Астана әкімінің Балында концерттік бағдарламамен өнер көрсету Қостанайдан келген вокалист Жасұлан Сыдықов үшін үлкен жетістік болды. Жас өнерпаздың дарындылығы өткен жылы «Сәби» қоқамдық қоры тарапынан қолдау тапқан болатын». 

Балғын дарын иесінің осыншалық маңызды мәдени оқиғаға қатысуын ұйымдастырып, оған �?лібек Дінішев, Нұрлан Абдуллин, Батырхан Шөкенов секілді жұлдыздармен, қазақстандық эстраданың басқа да көрнекті әртістерімен бірге бір сахнада өнер көрсетуге теңдессіз мүмкіндік бере отырып, біздің Қор күнделікті күйбең жұмыста барынша зор күш-жігер жұмсау арқылы Жасұланға талпыныс жасауды қажет ететін биік асуларды көрсету мақсатын алдына қойды. 

Жасұлан өз сөзінде бұрыннан өзі қызығатын әншілермен, дарынды өнер иелерімен бірге мұндай деңгейдегі Балға қатысу ол үшін үлкен абырой екенін жасырмады: «Мен �?лібек Дінішев ағамыздың көптеген жазбаларын тыңдадым. Арада ондаған жылдар өтсе де, ол кісінің даусының өзгермегеніне қайран қалдым: өзінің табынушыларын шаттық нұрына бөлеп, бұрынғыша көркем, таза дауыспен ән шырқайды» - дейді қуанышы қойнына сыймаған жас өнерпаз.

Концерт жазбасының трансляциясы 12 қаңтар күні сағат 22:05-те республикалық «Қазақстан-1» телеарнасы арқылы ұсынылады.

«Сәби» қоры Жасұланның тағдырына қалай да болмасын ат салысқандардың барлығына шексіз алғысын білдіреді. �?сіресе, «�?лем» бағдарламасының сарапшысы – белгілі қазақстандық сазгер әрі продюсер Ренат Гайсинге алғысымыз ерекше.