«Әлем» қатысушысы «Оксфордте»

19/08/2016
Көрулер: 1304

Дарынды жастарды қолдау «Әлем» Бағдарламасының аясында «Сәби» Қайрымдылық Қоры жас ғалым Жағыпаров Александрге «Оксфордте» оқуға халықаралық грант бөліп отыр.

Александр Назарбаев Университетін беске бітіріп, жазға семестр кезінде АҚШ-тың Висконсин штатының Мэдисон қаласында Висконсин Универститетінде оқып шықты (ең жоғары үлгерім нәтижесі GPA 4.0 /4.0). Және осы жылы Оксфорд Университетінен «Біріктірілген иммунология» мамандығы бойынша магистрадурада оқуға шақырылды. Жас маманға бұл бағдарлама өзінің биология және иммунология саласындағы зерттемелік жұмыстарын жүргізуге көмектеседі.

Қазіргі кезде «әлемдік» Ұлыбританияға виза алу үшін керекті құжаттарды даярлауда, оқу 2016 жылдың қазан айында басталады.