Нұрбануға арналған «Кибергрант»

05/05/2018
Көрулер: 1375

Былтырғы жылдың жазында Қонаева Нұрбану әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарына кіретін Таллиндік Технологиялық Университетінің магистратурасында оқу үшін оған грант бөлуді өтініп, бізге өтініш жасады.

Нұрбану өзі үшін өте сирек кездесетін, бірақ келешегі бар бағытты – «Кибер қауіпсіздікті» таңдады. Мамандықты таңдауға оның математикаға деген сүйіспеншілігі себеп болды. Келешекте ол компаниялардың деректерін қорғау бойынша бөлімшелерде жұмыс істеуді және басқару және көшбасшылық дағдыларын дамытуды жоспарлайды.   

Нұрбану «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Алматыдағы Демирел Сүлейман ат. университетті үздік аяқтады, осы тақырып бойынша түрлі олимпиадалар мен конкурстардан алған көптеген сертификаттары мен ұтыстары бар. 

Жас дарындыларды қолдау жөніндегі «Әлем» бағдарламасы шеңберінде «Сәби» Қайырымдылық Қоры Қонаева Нұрбанудың тапсырысын мақұлдады және оған ТТУ магистратурасында 2 жыл оқуға білім грантын ұсынды. Осымен қатар Қор студенттің оқу мерзіміндегі тамақтануына, тұруына және Қазақстан – Эстония – Қазақстан жолына барлық шығындарын өз мойынына алды. 

Эстониядағы студенттік өмір туралы өз әсерімен Нұрбану «әлемшінің күнделігінде» бөлісті:

http://alemsaby.kz/kk/publication/menin-estoniyadagy-6-ayym