"Сәби" Қоры 8-ші рет ақындар сайысын ұйымдастыруда

06/04/2018
Көрулер: 2085

Жыл сайын "Саби" қайырымдылық қорының қолдауымен мемлекеттік тілде өлең шығаратын жас ақындар сайысы 8-ші рет өтуде.

Осы жылдар ішінде республикамыздың барлық түкпірінен келген 12 бала лауреат атанды, олардың жетеуі Қордан жалпы сомасы 13,3 млн. теңге болатын еліміздің үздік ЖОО-да білім гранттарын ұтып алды, 5 қатысушы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың ең үздік шығармаларымен 1000 дана таралыммен 2 жинақ жарық көрді. Бүгінгі күні оқу орындарын бітірген финалистер Қазақстанның ірі телекомпанияларында және республикалық газеттер мен интернет-басылымдармен жұмыс істейді.

Қазіргі кезде «Ақындар мүшайрасы-2018» байқауына өтініштер қабылдау жүргізіліп жатыр. Қатысам деушілерге «Сәби» қорының http://alemsaby.kz/kk сайтына 31 мамырға дейін өз өлеңдерін жіберуге болады.

Фотосуретте: 2013 жылғы ақындар мүшайрасының лауреаты Жұмағұлов Жандарбек әл-Фараби атындағы ҚазМУ-тін «Сәби» қорының гранты бойынша оқып, үздік диплом алды.