«Сәби» Қоры. Жобалардың ынтымақтастығы

11/03/2015
Көрулер: 1188

«Сәби» Қорының дарынды жастарды қолдау «Әлем» Бағдарламасының аясында 7-8 сынып оқушыларынан есепке құштарлығы бар 10 дарынды балалар сұрыпталып, алғыр математиктерге арналған курстар жарты жыл бойы жүргізіліп келе жатыр. Аталған сабақтар былтырғы 2014 жылғы «Өз ісіңді жаса» байқауының грант иегері – оқу орталығында өткізілуде. 

Осындай, бір жағынан әр түрлі жобалардың ынтымақтастығы өте керемет нәтижелер беріп жатыр. Біріншіден «Әлем» бағдарламасының басты идеялары орындалып жатыр, екіншіден жас кәсіпкерге қолдау көрсетіліп, оның жұмысын алға басуына, яғни 5 жыл бойы тапсырыс беруге кепілдік бар.

Осы жылы «Өз ісіңді жаса» байқауының кейбір грант иегерлерімен биыл да серіктестік құруды жоспарлар отырмыз.