ҰБТ-2018 нәтижелері

13/07/2018
Көрулер: 777

Достар, сіздермен тамаша жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз. Біздің қамқорлығымызға алынған әлеуметтік мекемелерден шыққан, ҰБТ-ға  даярлау бойынша репетиторлық курстарға 8 ай ішінде қарқынды қатысқан балаларымыз тамаша тестілеу нәтижелерін көрсетті:

Топ оқушыларының 64%-ы 100 балл шегінен өтті, олардың жартысынан астамы 120-дан жоғары балл жинады. Ең жоғарғы көрсеткіш Мухаметжан Алуада - 128 балл және Койшибекова Нурай – 126 балл.

Балаларды құттықтаймыз және жоғарғы оқу орындарына сәтті түсуіне тілектеспіз!

Бұл курстар “Сәби” қорымен сегіз жыл ішінде тұрақты әрекет ететін “Білім беру бағдарламасының” шеңберінде қаржыландырылатынын еске саламыз.