Жаңа математика жылы басталды

08/09/2015
Көрулер: 1263

Жаңа оқу жылының қарсаңында «Әлем» бағдарламасының аясында «Сәби» Қорыменұйымдастырылған алғыр математиктер курстары басталды. 

Қамқорлығымыздағы балалар бірінші жылды өз жетістіктерімен қуантты: үшеуі Алматының ең озат мектептеріне қабылдау емтиханттарын сәтті тапсырды. Гура Максим РМФМОМ�?-на, Төлепбек Темірлан №134 Гимназиясына түсті, ал Дәутәлі Аяжан Назарбаев зияткерлік мектебіне түсті. Тағы бір оқушымыз НЗМ-не математикадан емтиханды тапсыра алды, бірақ ағылшын тілінен кішкене ғана балдар жетіспей осындай беделі мектептің оқушысы болып атана алмады.

Біздің балалар тамаша білімін жыл бойы білім орталағының аясында өткізген байқауда көрсетті. Сол байқаулардың нәтижесінде 3 жас математиктерімізді олимпиадалық құрамасына қосу туралы шешім қабылданды. Енді олар матемаатикадан және физикадан олимпиадаларға қатыстырылады.

Сонымен бірінші жыл артта қалып екінші «математика» жылы жылы басталды. Келер жыл балаларға былтырға қарағанда табысы кем болмайды деп сенеміз.