
Конаева Нурбану
Аты-жөніңізді жазыңыз:
Конаева Нурбану Конаевна
Сіз қай қалада немесе елдімекенінде тұрасыз?
Шымкент
Қандай оқу мекемелерінде оқыдыңыз не оқып жатырсыз?
Сулейман Демирель атындағы Университет
Сіз өз дарыныңыз деп нені санайсыз (қандай ерекше дағдыларыңыз мен қабілетіңіз бар)?
Математика, IT-технологиялар, киберқауіпсіздік
Өз қабілетіңізде қандай жетістіктерге жеттіңіз?
Қазіргі кезде мен техникалық мамандықтар бойынша Еуропалық топ-5 ЖОО – ның ішінде үздік болған Еуропаның екі жетекші техникалық ЖОО – ы Таллин Технологиялық (TallinTechnologyUniversity) және Тартуй (Tartu) университеттеріне (Эстония) «Киберқауіпсіздік» мамандығы бойынша магистратураның бірлескен бағдарламасына түстім. Бұл бағдарлама, Халықаралық мамандық деп танылғандықтан және кибершабуылдар ұлттық тәжірибесіне ие болғандықтан, Еуропадағы бірегей бағдарлама болып табылады.
Қандай конкурстар мен жарыстар қатысып, қандай наградалар алдыңыз?
2015 Маусым
“Мультимедиа” дәрежесінде “Үздік Дипломдық Жұмыс” номинациясы бойынша 3 – орын. Сулейман Демирель атындағы Университет.
2014 Сәуір
Әлеуметтану бойынша 2 – орын. Сулейман Демирель атындағы Университетінің «Жастардың көзқарасымен Қазақстан ғылымының дамуы мен өркендеуі» III – ші жоғары оқу орындары арасындағы студенттік ғылыми конференциясы.
2011 Наурыз
Математика бойынша 2 – орын. Облыстық Олимпиада. Шымкент. Қазақстан.
2010 Маусым
“Ең Үздік Жоба” (BestProject) атағы бойынша Алтын медаль мен Мүсінше. INESPO (http://inespo.org/). Халықаралық Экологиялық Ғылыми – Техникалық жобалар Олимпиадасы. Амстердам. Нидерланды.
2010 Наурыз
Математика бойынша 4 – орын. Облыстық Олимпиада. Шымкент. Қазақстан.
Өзіңіз жайлы 10 сөйлем мөлшерінде қосымша мәліметтерді хабарлаңыз (егер Сіз жоғарыда берілген жауаптар дарыныңыздың мәнін толық ашпайды деп есептеген болсаңыз):
Өмірімнің түрлі кезеңдерінде кішкене де, үлкен де жетістіктер болды. Бұл жергілікті олимпиадаларға қатысу мен жүлделі орындарды иелену болып табылады. Халықаралық деңгейдегі олимпиадаға қатысуым мен ондағы алтын медальға ие болуым. Мектепті «үздік» деген бағаға бітіріп, әлем бойынша ең беделді жоғары оқу орындарының біріне «АТ ( Ақпараттық технологиялар )» бағыты бойынша грантқа түстім. Менің ғылыми және дипломдық жұмысым ең үздік болып танылды. Әр оқиға мен жетістік менің тұлға ретінде қалыптасуыма, алға қойылған мақсаттарыма ұмтылуыма зор ықпалын тигізді. Осылардың барлығы еліміздің қуатты мемлекет ретінде әрі қарай дамуы, гүлденуі үшін бүгінгі жастарға қажетті жан – жақты дағдыларды бойына сіңірген жеке тұлға болып қалыптасуыма күш берді.

