Результаты поэтического конкурса

04/07/2012
Просмотров: 2686

Подведены итоги Второго поэтического конкурса на государственном языке, организованного Благотворительным Фондом «Саби» в рамках Программы по поддержке молодых дарований «Алем». Все участники, как взрослые так и юные, в разных жанрах постарались выразить свою любовь к Родине, Отчизне, нашей земле, к человечеству и Человеку. 

Для оценки поэтических творений экспертом в области литературы выступил поэт, писатель, журналист, секретарь и Председатель совета по детской литературе Союза Писателей Казахстана Кали Султан Калиулы

По результатам творческого соревнования определился единственный победитель, им стала 17- летняя Акжаркын Мутиева из Атырауской области, имеющая, по словам нашего эксперта «прекрасный потенциал и перспективы достичь высокой планки на литературном поприще». Девушка получает главный приз конкурса – ноутбук

Кроме того, по инициативе Президента Фонда «Саби» Асель Тасмагамбетовой, готовится к изданию сборник стихов, куда войдут произведения лучших конкурсантов. Экземпляры этой книжки будут переданы в дар библиотекам всех школ, где учатся или когда-то обучались молодые авторы. 

В заключение хотим представить вашему вниманию стихотворение Акжаркын, признанное лучшим в этом году.

«ӨТКЕНІМНЕН БАСТАЛАДЫ БҮГІНІМ»

Айқара ашып, ақ парақтың беттерін
Мен де біраз шабытыма беттедім.
Арман болған азаттықтың, елдіктің
Қарсы аламыз жиырмасыншы көктемін.
Мақтанамыз ұрпағымыз қазақтың
Құшақ ашты алдымыздан азат күн.
Бостандықтың қымбат болған әр күні-
Сәуле шашқан самаласы ғажаптың.
Тәуелсізбін. Тәуелсізбін мен бүгін
Мақтан етем Отанымның кеңдігін.
Арғымақтың қос қанаты секілді
Айбыны асқақ елдігім мен теңдігім.
О, қазағым! Алты Алаштың текті елі
Нелер болып, не басыңнан өтпеді?!
Жиырма жыл ата-бабам аңсаған
Қазағымның арманы ғой жеткені
Көңіл-күйдің ой сезімін аралап,
Келем, міне, келер күнді бағалап
Қаймықпаған қайсар қазақ тарихын
Мақтанышпен өтейінші саралап.
Өр ұлдарын теңеп жарқыл жасынға
Аруларын бағалар шын асылға.
«ҚАЗАҚ» деген атау алған өр халқым
Сонау ерте ғасырлардың басында.
Куә болып, қолдап ата-бабалар
Басын қосып, ақыл қосқан ағалар
Іргетасын қалап КЕРЕЙ, ЖӘНІБЕК
Бой көтерді шаңырағын паналар.
Бірақ, бірақ елдік оңай келмеді.
Көзден бұлақ, көңілден мұң селдеді
Азаттыққа ұмтылған ұлт, күш берген-
Баһадүрлер, батыр болды сенгені
Қайран елім, қарсы тұрдың талайға
Ел боп қалу болашағы әр ойда.
Жеңіс! Жеңіс! Көтереміз ақ туын
Ұлт боламыз рухы биік қалайда!
Қолын жиып, сәйгүлігін баптаған.
Жорық жолда намыстан нәр татпаған.
Алты Алашқа есімдері жайылған
Батырларым «АҚТАБАННАН» сақтаған.
Қаймықпаған қара жаудан «қайыр» деп,
Елі үшін ерге қонған, уайым жеп.
Ізі өшпес, қайран асыл ерлер-ай
Ер Бөгенбай, Наурызбай мен Райымбек.
Сонда дағы даңқың түспей тұғырдан,
Көрсең дағы мұңды күндер жығылған
Зор ерлікпен «Бұлантыда» шайқасып,
Жоңғарлармен болды «Қалмаққырылған»
Қалай бұны, тебіренбей айтасың?!
Келер ұрпақ жеңіс дәмін байқасын.
Мүмкін емес санамыздан өшіру
Ерлік толы – «Аңырақай шайқасын»
Қарсы келіп, бір күдік пен бір үміт
Кетіп жаттың аңдаусызда сүрініп,
Жоңғарларға сан тойтарыс беруді
Ойластырдық Ресейменен бірігіп.
Қарсы келіп, қатал тағдыр қақпаны
Көкке атылып, енркіндіктің оттары.
Жойылмаған парағынан тарихтың
Кәрін шашқан, қаһарлы қыс ақпаны.
«Күрт азайды сұм сұрапыл соғыстар
Артта қалды күндер жауды жаныштар»,-
Деп ойлаған аңғал қазақ, Патшаның
Қайдан білсін қаһарын да бағыштар.
Алғаннан соң сеніміне кіргізіп,
Билік құрды, үкіметін жүргізіп
Бар байлыққа ие болу ойында
Кең өлеге бекіністер тұрғызып.
Өрши берді күн санап, сұм бүлігі
Арта түсті секемі мен күдігі
Қай тұста да қаймықпаған қазаққа
Уайым болды келер күн мен бүгіні.
Ежелгіден тән қазаққа «ер» деген
Талай ұлы жауға шапқан, ерлеген
Қос жанардың қарасындай сақтаған
Ата-жұртын жай қолына бермеген.
Оған куә – Алты Алаштың ұлдары
Отан үшін алғы шепте тұрғаны
Талай мәрте абақ көріп, аталды
Жазықсыздан «жалған жала құрбаны»
Арман болып, азат күннің татымы
Алшақтады алыс болып, жақыны
Бұл езгі мен өктемдікке шыдамай
Көтеріліс ашты Сырым Датұлы.
Сұм саясат жаныштады, азғырып
Қанап елді, озбырлығын оздырып,
Алауыздық, руаралық қайшылық
Ашып берді жолды жауға қоздырып.
Қалса дағы аз-ақ адым жетуге,
Азаттықтың туын желбіретуге,
Рұқсат алды сол күрестің арқасы-
Ақ Жайықтың оң жағына өтуге.
Көсемдердің кезі болмас жасқаған
Келген жауды басып, жаншып тастаған
Көтеріліс орын алды елеулі
Кенесары Қасымұлы бастаған.
Алға бастап небір дүлдүл, жорғасын
Күші мығым, бойы жалын, қорғасын
Әділетсіз қанау, озбыр саясат
Қалдырмады бей-жай Бөкей Ордасын.
Көңіл толқып көтеріліп бағамыз
Ақыл-ойға кенде болып санамыз
Озбырлыққа шек қоюды көздеген
Ұлы Исатай, ер Махамбет бабамыз
Қазақ халқы күш-қайратқа бай халық,
Тұр ғой сөзсіз тұлғасынан байқалып
Көңілдері Сарыарқаның төсіндей
Жүреді ылғи жадыраңқы, жай тауып.
Өр қазақтың намысы мол ұлдары
Кеңестің де әнін бірге жырлады.
Тізе қосты азаматтық соғыста
«Тар жол менен тайғақ кешу » жылдары
Қара түнек торлап ашық аспанды,
Күңіренді кең даламның асқары.
Іске асырмай «Барбаросса жоспарын»
Отан үшін ұлы майдан басталды.
Салыстырам көз жасы мен таң шығын,
Қос шынарым Әлия мен Мәншүгім
Бауыржан мен Рахымжанның ерлігі
Ұрпақтарға табыстайтын жан сырым.
Біріктіріп, күші мығым жастарды
Жұмылдырып тың игеру басталды
Байқоңырдан көкке ұшып зымыран
Бағындырды қол жетпейтін аспанды.
Ерке өзеннің сең боп жүзіп мұздары
Жаңғырығып, заңғар шыңның құздары
Қатқыл күймен өлкесіне қазақтың
Леп әкелді Желтоқсанның ызғары.
Жаны жайсаң, өр халықтан күй кетіп,
Озбырлыққа бойын әбден үйретіп.
Желтоқсанның ызғарында қыздардың
Шаштарынан тартып шықты сүйретіп.
Қорлап, қинап, қан қақсатып жастарды.
Іске асырып, әрекетін жоспарлы.
Жазықсыздан қуғындалып жас өрім,
Айыпталып, абақтыға тасталды.
Көрсең- дағы қанша қайғы, қанша мұң
Азаттыққа ауды ылғи аңсарың.
Саналатын қазынаның көзіндей
Еркіндікті, бостандықты аңсадың.
Алға басып, мемлекеттің ісі нық.
Дербес ел боп, жаттың үлгі ұсынып.
Дүр сілкінттің хабар жасап, тарихта
Атом деген бәлекетті ысырып.
Жақсылыққа бағаланып әр ізің.
Өткеніңді жаңғырту да парызың.
Тәуелсіздік белгісіндей орнаған
Қабылданды Мемлекеттік Рәмізің.
Рухы биік, құдіретті барысым
Төрткүл әлем кеңдігіңді танысын.
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Жаралғандай қазағымның бағы үшін.
Ортаймасын арта берсін табысың,
Алға бассын жоспарланған әр ісің
Өз атыңнан төл теңгеңді шығардың,
Биік қойып, ұлттың ұлы намысын.
Бодандықта ұстағанмен отар ғып,
Ойымызды өрістетіп, от алдық
Ата-баба күресінің жемісі –
Міне, бүгін тәуелсіз ел атандық.
Құшағымыз кең төскейге жайылды.
Қайта туды ата-дәстүр байырғы.
Таңдай қағып, көпшілік ел сүйсінер
Мемлекетпіз тең құқықты, зайырлы.
Алашымның ақ үміті ақталып,
Шежірең бар қалар мәңгі жатталып.
Тіліміз бар, дініміз бар өзіндік
Келе жатқан құндылығы сақталып.
Нақыл сөзге байсың, бойға даритын
Дәстүріңді барша халық танитын.
Өзге елді жатсынбайтын, қазағым
Биіктей бер, ұмытылмасын тарихың!
Өзге елмен иықтьаспыз, озатпыз
Егеменді елміз бүгін. Азатпыз.
Ал бүгінде әлемге жар салатын
Көңілі кең, ақ жүректі қазақпыз.
Келген таңдар бір сілкініс әкеліп,
Ұрпақ алды парызымыз өтеліп.
Еңсемізді тік көтеріп келеміз
Тәуелсіздік туын биік көтеріп.
Осы жайлар шаттандырып, жүр мені
Қадам бастық, Алға дамып ілгері.
Тілерім сол адал, аппақ жүректен
Мемлекет бол ғұмыры ұзақ, іргелі!