Бағдарлама

«Әлем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы

Келешегінен үміт күттіретін және дарынды жастарға (балалар мен жасөспірімдерге) олардың зейіндік және шығармашылық дамуы, өмірлік қалыптасуы мен әлеуметтік тұрғыдан мүмкіндіктерін жүзеге асыру барысында қолдау көрсету

Жобаны ұйымдастыру және орындаушы

«"Сәби” жекеменшік қайырымдылық қоры» коммерциялық емес ұйымы

Жобаның мақсаты

  •  Қазақстанның жастар саясатына сәйкес Келешегінен үміт күттіретін және дарынды жастарға олардың зейіндік және шығармашылық дамуы, өмірлік қалыптасуы мен әлеуметтік тұрғыдан мүмкіндіктерін жүзеге асыруына арнап экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын тудыру
  •  Жастарды еліміздің мәдени, білім беру, ғылыми, экономикалық процестеріне тарту.

Жобаны жүзеге асыру мерзімдері

Жоба тұрақты түрде жұмыс істейді

Мәселені белгілеу

Күрделі тарихи қоғамдық түрлендірулер жас ұрпақтың өмірінің барлық салаларына әсерін тигізді. Жастардың дәстүрлі мәселелері мен оларды шешудің жолдары өзгерді. Жастарға қолдау жасаудың қажеттігі олардың үлкен өмірге жаңадан аяқ басқан кезде жолында кездесіп отыратын қиындықтармен белгіленген. 

Әлеуметтік бағытталған экономикасы бар демократиялық қоғамды жастар мен тұтастай қоғамға қатысы бар саясатты құру мен жүзеге асыру ісіне тікелей қатысып отыруы тиіс болатын мәдениетті, жоғары білімді, рухани және кәсіби тұрғыдан дамыған жастарсыз құру мүмкін емес. Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатына сәйкес жастар келешекте маңызды әлеуеттік салмаққа ие болатын халықтың қоғамдық тұрғыдан белсенді топтарының бірі болып табылады.

Мұнысы жастардың мемлекеттік құрылымдағы рөлі мен орнын жете бағаламауға болмайтындығын негіздейді. 

Мәселені шешудің жолдары

Жастарға олардың материалдық деңгейі не әлеуметтік жағдайына байланыссыз өз дарыны мен шеберлігін дамытуға, өмір жолын таңдауға, жеке басының табысқа жетуіне арнап жағдай тудыру қажет. 

Бұл жоба келешегінен үміт күттіретін және дарынды жастарға олардың жеке басының қалыптасуы кезеңінде жан-жақты қаржылай, ұйымдасқан, кеңес берушілік қолдау көрсетуді меңзейді. Бұл жағдайда жас ұрпақтың лайықты өкілдері еліміздің мәдени, ғылыми, спорттық, білім алу өміріндегі өз орнын табудың бірегей мүмкіндігіне ие болады.

Алайда жобамен ұсынылып отырған мүмкіндік – бұл бұдан арғы уақытта өз бетінше әрекет етуге, шығармашылық және кәсіби бастаманы білдіруге, өсу мен ілгері жылжуға деген қайсыбір бастапқы меже және ықпал етуші түрткі ғана екендігін естен шығармаған жөн.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері

Бірінші кезең. Дарынды жастарды іздестіру және іріктеу.

Қордың қолдауына ие болуға үміткерлерді келесі үш кезең бойынша іріктеу көзделуде:

  • Интернет-іріктеу – келіп түскен өтініштерді талдауға негізделумен Қордың қызметкерлері жүргізеді;
  • Аралық іріктеу – өзіне әрбір номинация бойынша саралап жіктелген түрде шақыртылған құзырлы және танылған кәсіби шеберлер кіретін іріктеу комиссиясымен жүргізіледі;
  • Ақырғы іріктеу – алдыңғы іріктеудің нәтижелеріне негізделумен «үздіктің үздігі» принципі бойынша жүргізіледі, бұл жағдайда үміткерлердің әлеуметтік осал топтарға жатуы ескеріледі (жетімдер, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы не жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар, денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар).

Екінші кезең. Дарынды балаларға ұйымдық және экономикалық қолдау жасау.

Үш кезеңнен тұратын іріктеудің нәтижелері бойынша лауреаттар Қордың қолдауына ие болады: -көрмелерге, байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға, соның ішінде халықаралық шараларға қатысуын қаржыландыру; -жоғары оқу орындары мен магистратуралардағы, соның ішінде шетелдегі оқу мекемелеріндегі оқуының ақысын төлеу; -әрбір номинация бойынша саралап жіктелген түрде құзырлы және танылған кәсіби шеберлермен тыңдауларды, көрулерді, әңгімелесулерді ұйымдастыру; -жетекші кәсіпорындарда, компаниялар мен ұйымдарда, музыкалық ұжымдар мен қоғамдарда машықтану мүмкіндігін ұсыну.

Үшінші кезең. Мүдделі тараптардың электронды өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету.

Жоба лауреаттарының мәліметтері қорын әзірлеу және оны соған мүдделі промоутерлердің, продюсерлердің, HR – менеджерлердің, жұмыс берушілердің назарын аудару үшін порталдың беттеріне жайғастыру.

Жобаны қаржыландыру

Жоба қайырымдылық көрсетушілердің «Сәби» ЖҚҚ КЕҰ-ға салған ерікті жарналарының есебінен қаржыландырылады.

Жобаның күтілетін нәтижелері

Қазақстанның дарынды және келешегінен үміт күттіретін жастарының еңбектік және шығармашылық әлеуетін ашу, олардың сәтті түрде ықпалдасуы және әлеуметтік тұрғыдан мүмкіндіктерін жүзеге асыру; маңызды стратегиялық ресурс - жас ұрпақты азаматтық қоғамның белсенді өміріне тарту.