«Өз бизнесіңді баста» сайысы

Жұмыстарды қабылдау

23.10 2018
15.12 2018

Жеңімпаздарын жариялау

07.03 2019

Байқау соңына дейiн:

Негізгі шарттары

  • Конкурс қатысушылары ретінде жастары 18-ден 35-ке дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады.
  • Конкурс қатысушыларына, дәл осы Сіздің жобаңыз оны әрі қарай дамытуға және жүзеге асыруға грантқа неге лайық екені туралы айтылған және көрсетілген бейне түсіру қажет.
  • Бейнероликтің уақыты екі минуттан аспауға тиіс.
  • Бейнеролик қазақ немесе орыс тілінде жазылу мүмкін. Қалауы бойынша субтитрлерді пайдалануы мүмкін болады.
  • Әр бейнероликтің басында ұйымдастырушылар конкурсқа арнайы жасаған бейнеендірме (жүктеп алу) пайдаланылуға тиіс. Сонымен қатар жобаның қатысушылары және оның атауы көрсетілуге тиіс.
  • Қатысушы өз жұмысына берілген сілтемелерді, кем дегенде, үш әлеуметтік желіде (Twitter, Facebook) және Instagram-да #saby.kz2017 хэштегімен орналастыруға тиіс.
  • Қатысуға өтінімді entrepreneur.saby.kz бөлімінде бере аласыз.
  • Конкурс үш кезеңде өткізіледі: 1-ші кезең - барлық жұмыстарды қабылдау, 2-ші кезең - 20-25 жобадан шорт-листті анықтау, 3-ші кезең - арасынан жеңімпаз шығатын конкурстың 6 финалистерін анықтау
  • Шорт-листке іріктелген қатысушылар өз жобасын бөлінетін қаражатқа дамыту бойынша бизнес-жоспарды ұсынуға тиісті болады
  • Бизнес-жоспарларды бағалау қорытындылары бойынша конкурстың  финалистері іріктелетін болады
  • Конкурстың жеңімпазы (-дары) өз бизнес-жоспарын жүзеге асыруға негізгі грант алады

 

Қосымша шарттар

  • Конкурсқа қатысуға алкоголь және темекі өнеркәсібіндегі, сондай-ақ ойын бизнесіндегі жобаларды жүзеге асыруға бағытталған өтінімдер қабылданбайды
  • Конкурсқа қатыгездік және сексуалды сипаттағы көріністері бар жұмыстарға жол берілмейді
  • Әр конкурс финалисі жүзеге асырылатын жобаға, ең азы, "Сәби" қайырымдылық қорының қамқорлығында болатын бір адамды жұмыспен қамтуға міндеттенеді
  • Конкурс ұйымдастырушыларының конкурс қатысушыларының рұқсатысыз олардың бейнематериалдарын пайдалануға құқығы бар
  • Конкурсқа қатысуға өтінім бере отырып, қатысушы конкурсты өткізу шарттарымен келіседі 
0