2018 жылдың қыркүйек айындағы "Сәби" қайырымдылық аукционы

25/06/2019

Жұма күні француз бренді Dior өзінің Қазақстандағы бес жылдығын атап өтті.

Бірінші мерейтой құрметіне дәстүрлі коктейльден басқа қайырымдылық аукционы өтті, оның бенефициары біздің Қор болды. Dior брендінің бас кеңсесі «Сәби» Қорының көп жылдық әлеуметтік жұмысын жоғары бағалап, республиканың көптеген қайырымдылық ұйымдарының арасындағы аукционда жиналған барлық қаражатты сеніп тапсырды. Dior өкілі атап өткендей: «Сәби» бағдарламалары басқа қорлармен салыстырғанда анағұрлым ауқымды және елеулі".

Бұл кештегі аукционға сән үйін басқаратын дизайнерлер туралы бірегей фолиант-кітаптар, сондай-ақ танымал суретші-визуалист Фридрих Кунатпен бірлесе отырып жасалған Lady Dior Art сирек сөмкесі сатылды.

Түскен қаражаттың жалпы сомасы 26 миллион 400 мың теңгені құрады. Ақша біздің Қор арқылы Алматы қаласындағы № 2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасындағы шұғыл хирургия бөлімшесін ұйымдастыруға бағытталатын болады. Қазіргі уақытта қаладағы жалғыз балалар хирургиясы жедел көмектің қажетті көлемін ұсына алмайды. Жаңа операциялық блок:  сапалы, тиімді,  шұғыл медициналық және оңалту көмегін көрсетуге мүмкіндік береді.

Dior брендіне бізге сенім артқаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз және мерей тойыңызбен құттықтаймыз!

Аукционның барлық қатысушыларына және осы тамаша кештің қонақтарына ерекше алғысымызды білдіреміз!