«Әлемдік» АҚШтың беделді киномектебін бітірді

16/06/2016
Көрулер: 1403

2012 жылы бірінші халықаралық білім грантын «Сәби» Қорының «Әлем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасы арқылы жеңіп алған «әлемдігіміз», Медет Шаяхметов туралы бірнеше рет жаздық. 

Міне енді New York Film Academy оқу орнында 3 жыл оқып «Кинорежиссер» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, Медет әлемнің беделді киномектебінің түлегі атанды!

22 жасында жас режиссер қомақты шығармашылық тәлім алды. Ол әйгілі қазақстанның әртістерімен жұмыс істеді, өз елінде «Q-елі» атты күлкілі сериал түсірді. Ресей әртістерімен бірігіп бірнеше жобалар іске асырды. Сосын ақпанның соңында «ең үздік қысқаметражды фильм» номинациясы боынша АҚШта «Sedona» атты халықаралық кинофестивалінеқатысты. Ешқандай марапатқа иеленбесе де, өзіне керекті тәжірибе мен шығармашылық ой-өріс жинады.

Медетке болашақта табыстарға жетіп және мансабын арттыра берсін дегіміз келеді.