«Әлемдіктерден» тағы бір табысты түлек шықты

24/12/2015
Көрулер: 1436

Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана іске қосылған «�?лем» Бағдарламасы өз қамқорлығындағы балалардың жеке өмірге шығарып салудамыз. Мына жерде біздің алғашқы түлектеріміз туралы ақпарат жазылған.

Жақында Лос-Анджелес Калифорния Университетін(UCLA) «Микроэлектроника, нанотехнология және олардың биология мен медицинадағы практикалық қолданылуы» атты магистрлік бағдарламасын бітірген тағы бір «әлемдік» туралы айтқымыз келіп отыр.

Бір жарым жыл бұрын «Сәби» Қорының қолдауына ие болған Ахажанов Аблайханқазіргі кездеде магистратурада оқу керек болатын, бірақ оқуды тездетуді жөн көрді. Бар ынтасын сала оқып және бүкіл жаз бойы университеттің зертханасында жұмыс істеп ғылыми зерттеулерде әсерлі жетістіктерін көрсетті. Көп еңбегі мен үлкен ынтасының арқасында Аблайхан магистрлік бағдарламасын уақытынан бұрын аяқтап PhD-ге ауысып үлгерді. Сөйтіп 1 жыл уақытын үнемдеді. Қазір электронды-импедансты томография сұрағын одна әрі зерттеуде.

Оған қоса Аблайханның дарындылығын мен әлеуетін Калифорния Университетінің мамандары жоғары бағалап «әлемдіктің» болашақ оқуын UCLA-ның машина жасау факультетінің Ұлттық Ғылыми Қорының шотынан төлейтін болады. Сөйтіп білім гранты бөлінеді.