«Әлем» Бағдарламасы - 2015 жылдың түлектері

01/07/2015
Көрулер: 748

«Әлем» Бағдарламасы - 2015 жылдың түлектері

«Сәби» Қоры «Әлем» дарынды жастарды қолдау көрсету Бағдарламасын жақында жүзеге асырған сияқты, уақыт деген зымырап өтіп жатыр, осы жылы жобаның өз ісін атқарып келе жатқанына 5 жыл толады. 

«Әлем Бағдарламасы қазақстандық дарынды жастарына қолдау көрсетуді өзіне мақсат етіп қойды. Ерекше назар еліміздің ауылдық жерлеріндегі дарынды жастарға аударылады. Қордың көрсететін көмегі әртүрлі: дарынды сынау мен тыңдауды ұйымдастырудан байқаулармен олимпиадаларда қатысуын қаржыландырумен олардың әр түрлі мамандықтарда білім гранттарын төлеуге дейін.
«Әлем» Бағдарламасының еліміздің қамтыған жері қаншалықты кең және де «Әлемдіктердің» шығармашылық және кәсіби қызығушылықтары қаншалықты әр – түрлі екенін осы жылдың кейбір түлектердің мысалында айтып кетеміз.

«�?лем» Бағдарламасы - 2015 жылдың түлектеріАктөбе облысы Ойыл селосының дарыны Асанова Шамшыраққатысушылардың қатарындағы ең біріншілердің бірі болып 2011 жылы «Сәби» Қоры арқасында Актобе қаласының Ахмет Жубанов атындағы музыкалық колледжінің «Домбыра» мамандығы бойынша грант иегері атанды. Жақында жас домбырашы арнаулы – орта білім дипломын алды. Ендігі арманы алматының консерваториясына түсу. 
 

 

«�?лем» Бағдарламасы - 2015 жылдың түлектеріТілепбергенов Берік металлург болуды армандады, туған жері Атырау облысы Махамбет ауданы. Ол 2011 жылы Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде оқу үшін мемлекеттік гранты арқылы түсті. Ал «Сәби» Қоры оған оқуын бітіргенше дейін ай сайын 20 000 теңгенің шамасында шәкіртақысын төлеуді шешті. Берік көп күткен дипломын қолына алды, енді ол жұмыс орнын қарастыруда.
 

 

«�?лем» Бағдарламасы - 2015 жылдың түлектеріАлматы облысы Ескелді ауданының дарыны Әділбекова Назерке, үлкен сыныптарда оқыған кезінен бастап өзінің болашақ мамандығын таңдады. Болашақта филолог боламын деп шешті. Назеркенің Жетісу мемлекеттік университетінде Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша ақылы бөлімінде оқып жүрді. Сол кезде жеке өміріндегі болған қайғылы оқиға енді болмағанда аңсаған арманына жету жолын кесуден сәл қалды. Осы сәтте «Әлем» Бағдарламасының білім Гранты оған «құтқару дөңгелегі» болды десек артық болмас. Соның нәтижесінде – білікті маманның жаңа дипломы.

Барлық түлектерге табыс пен үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!

Өз бақытын «Әлем» Бағдарламасында сынауды жаңа қатысушыларды шақырамыз.