Таныстырған, табыстырған бізді «Әлем»

27/03/2017
Көрулер: 1713

Алматы...
Қазақ Ұлттық университеті...
ҚазҰУ қалашығы...
Студенттік өмір...

Мұның бәрі алтын ұя мектебінен жаңа өмірге қанат қаққалы отырған жас түлектердің асқақ арманы еді. Жүрегі лүп-лүп соғып, көңілі алабұртқан бойжеткен мен бозбаланың арманы...

Ә, армандар орындалады екен. Аппақ тілек пен адал ниет – болашақтың кілтін өзі-ақ табыстайды екен. Біз де бір кезде қай арнаға ілесіп, қай бағыттан жол табам деп жүрген, тұлымы желбіреген түлектер едік. Бүгінде арманнан ақиқатқа айналған Қазақ Ұлттық университетінің студенттеріміз. Біздің ертегі қиялымызды ертеңгі күнге ұластырып берген, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған қыз-жігіттердің басын біріктірген «Сәби» қайырымдылық қорының «әлем» бағдарламасы. Болашағымызға үлкен сеніммен қарап, қалаған мамандығымызға қол жеткізген қамқоршыларымызға алғысымыз зор. Осыдан екі жыл бұрын бір-бірімізді танымаған, көрмеген ұл-қыздар – бұл күнде ажырамас достарға айналдық.