«Сәби» Қоры - мұхиттың ар жағына көпір

16/04/2013
Көрулер: 1396

Қанат Бейсекеевтің фотосуретке деген құштарлығын байқаған әпкесі, мектеп бітіруіне орай бірінші айналы Canon жартылай кәсіби камерасын сыйлаған. Сол кезден бастап, жас фотограф әлемді объективтің призмасы арқылы, ұсақ-түйекке дейін ең маңызды егжей-тегжейлерін ұстай біле көреді. Оның әр жұмысы, мыңдаған сөзді үнсіз білдіреді.
 

Қанат 21-де, осы жаста адам аралық қорытындыларды шығарып, өктемді даму сатысына кіреді. Әйгілі қазақстандық жобаларында жұмыс істеп үлгерді және танымал Vox Populi фоторепортаж сайтында еңбек етті.
 
Жеткен шығармашылық жетістіктерінде тоқталмай, бозбала өз сауалнамасын «Әлем» жас дарындарды қолдау бағдарламасына жіберіп және қатаң іріктеуден өтіп, «Сәби» Қорының халықаралық білім грантының иегері ретінде бір жыл бойы «Фотосурет» мамандығы бойынша Нью-Йорк киноакадемиясында оқуға мүмкіндік алды. 

Мұндай сәттілік, әр адамға кездестіріле бермейді. «Әлі де сенер емеспін, - дейді Қанат, - әрбір сайын қолымды шымшып қалғым келеді (күледі). Мен, өзімнің сүйетін ісіммен айналыстым, жарты жолда ешқашан тоқтамадым және әрбір суретке бар жан-тәнімді салдым. Осындай деген ынта мені «Сәби» Қорына алып келді, енді міне Нью-Йоркқа да жақындап келемін, сондықтанда менің мүмкіндіктерім мұхиттың ар жағына дейін кеңейтілді деуге де болады».