Nomad s Way - Көшпендінің жолы

23/10/2012
Көрулер: 718

«Өз рухын қолға алған адам, қалаларды жаулап алған адамнан мықты болады»[/i] деп, кезінде Эрнест Хемингуэй айтып кеткен. 

Бізде 2012 жылдың қазақстандық қана емес, қазақстандық-американдық басты оқиғасына айналған шараны жар салып, сүйінші сұрауға талпыныс болған еді. Әйтенмен де, «Сәби» Қайырымдылық Қорының негізін қалаушы және Президенті болып табылатын Әсел Иманғалиқызы Тасмағамбетова алдымен нәтижені көріп болғаннан кейін қорытындылар туралы мәлім етеді.

2012 жылдың 13-ші және 17-ші ақпанның аралығында болған Нью-Йорк қаласында Nomad’s way атты әлеуметтік-мәдени шараның басты идеяны салушысы, ұйымдастырушысы және демеушысы болған «Сәби» Қорының бүгінгі күнде үміті ақталып, абыройы іске асырылды. 

Nomad s Way - Көшпендінің жолы
2012 жылдың Олимпиадасында еліміздің толағайларының арқасында бүкіләлемдік ғаламторды «Қазақстан» деген ізденіс сөзі толтырып жіберді. Батыс елдерінде бідің елімізді қыр-сырынан білмей, тек алып көлемді, пайдалы қазбаларға толы территория ретінде ғана таниды. Алайда осы айтылған байлықтар мен табиғатымызда басқа бізде мақтануға тұрарлық жайттармен әлемді таңғалдыруға шамамыз бар екені анық. Біздің ел бірегей. Егемендімізді алғанымызға 20 жыл толса да, ата-бабамымыздың өнері ғасырдан ғасырға сақталып қазіргі кезге де жетті. Ұлттық этностың жан-жақтарын шет ел азаматтарын айтпай ақ, әрбір қазақстандық да біле бермейді. 
 

«Сәби» Қоры өз алдына Қазақстанның тарихи құндылықтарын және өзгешелігін бүкіл әлемге паш етуді мақсат қылып қойып, әр түрлі елдер мен ұлттар араласқанын Шығыс пен Батыстың шоғырланған аумағын еліміздің үлгісі ретінде көрсетті.
 

Осындай мақсаттарды орындау бағытында екі кезеңнен тұратын Nomad s Way жобасы ойластырылды: байырғы қазақтың зергерлік бұйымдарын Кристис аукцион үйіндегі көрмеден және Нью-Йорк көпшілік кітапханасының ғимаратында өткізілген қайырымдылық аукционынан тұратын шара ұйымдастырылды. «Әлемнің кіндігі» аталған Нью-Йоркте осындай идеяларды іске асыру үлкен мүмкіндіктер болғаннан кейін, дәл осы қала таңдалды. 

Көшпенділердің зергерлік бұйымдарын Иманғали Тасмағамбетов кезінде жинақтап, мемлекеттік мұражайға өткізкен болатын, қазіргі күнде олар өз орнын тауып, енді бұл экспонаттар алғашқы рет шет елде шығарылды. Бұл көрме америкалық жұртына нағыз жаңалық болды. Мыңдаған әуесқой және кәсіпқойлардан тұратын көрермендер Орталық Азияның мәдениетін өздері үшін таңғаларлықтай ашты. Батыстың үлгісінде біздің елімізде заңғар ғимараттар мен көне жазулар сақталмаған, бірақ та қолданбалы өнерде ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүріп жоғары жетістіктерге жетіп, бүгінгі күнде байырғы туындылар көздін жауын алады. Қыз-келіншектерге арналған зергерлік бұйымдардың ою-орнегі қиын технологиялармен ойылып, әдемі жасалып киімдерінің әшекелейтін. Зергерлердің жұмыстары жылдар бойы сақталып, көнелігінің арқасында ғана бағаланбай, әр символиканың түрлі мағынасын айқындап өзгеше туынды ретінде саналады. 
Антикварлық бұйымдардың шеберлігіне тәнті болған бүкіл әлемге әйгілі Avakian, de Grisogono, Jacob & Co, Chopard, Chatila зергерлік үйлері «Сәби» Қорына арнап қазақтың ұлттық әшейкелеріне ұқсатып ерекше бұйымдар жасады. Қазіргі замандағы әйгілі зергерлік өнердің нағыз шеберлері байырғы заманның нұсқаларын, археологиялық олжаларға, жартасқа салынған суреттердің мәтіні ұлы халықтың тарихи байлығын суреттеп, өздерінің танымал қолының шеберлігін қосты. 

Осы айтылған әшекейлер лот ретінде қайырымдылық аукционда сатылымға берілген болатын, бұл оқиғаны шет ел Бұқаралық ақпарат құралдары «таңғаларлық оқиға» және «Қазақстанның басқа көзбен ашылуы» деп әлемге жария салды. Нью-Йорк қаласындағы NYPL ғимаратының фасады еліміздің туының көк және сары түсімен жарықтандырылған болатын және жиналған жұрт бүкіл кеш бойы қазақтың оюларына шын көңілмен тамсанды. Шараның қонақтары болып белгілі бизнесмендер және саясаткерлер, әлемдік деңгейдегі әртістер, жүргізушілер және зайырлы адамдар жиналды. Олардың ішінде Кит Рубинштейн и Майк Зои, Игорь Крутой и Николай Басков, Мишель Родригез, Сомерс Фаркас және тағы басқа танымал кісілер болды. Концерттік бағдарламада әйгілі Робин Тик, Крейг Дэвид және Рокель Кастро қатысты. Кешті жетекшісі ретінде күллі әлем танитын жұлдыз, Оскар сыйына үш рет номинацияланған атақты актриса Сигурни Уивер басқарып жүрді. Іс-шараны Бірғаным Айтимованың басшылығындағы Нью-Йорктағы БҰҰ-ның аясында Қазақстан Республикасының тұрақты өкімдігінің қоладуымен өтті. Осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған мәдени шара еліміздің 20-жылдық мерейтойына орайластырған.

Аукционның қатысушылары өз тарапынан өте жоғары филантроптық белсендік көрсетті. Олар тек зергерлік әшекейлерге ғана қызығушылық көрсетпей, сонымен қатар атағы шет елге шыққан отандық шеберлердің туындаларын сатып алуға ат салысты. Бәссаудаға қосқан жұмыстар ең бастысы ежелгі көшпенді халықтың рухын көрсетіп, өздерінің күрделі техникасымен және әсемдігімен назар аудартты. Аукционның нәтижесінде шамамен 1 млн. АҚШ долларға жуық ақша жиналды. Барлық қаражат «Сәби» Қорының қайырымыдылық жобаларын іске асыруға жіберілді. Олардың ішінде «әлем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы ерекше орын алғандықтан аукционның негізгі бенефициары ретінде осы жоба ескерілді. 

«әлем» Бағдарламасы еліміздің алшақ аудандарында тұратын дарынды да қабілетті балаларды қолдап, олардың интеллектуалды және шығармашылық табыстарын дамыту үшін экономикалық және ұйымдастырушылық алғышарттарын жасау үшін бағытталған. Ол жастар мен балғындардың қай жерде болса да қол ұшын тигізіп дарынын ары қарай арттыруға көмек береді. 

Өйткені нағыз талант, өркениетті елден алшақ екенмін деп өзінің қабілетін көміп тастамау керек. Біздің бағдарламамыздың аясында әр жеткіншек еліміздің кез келген бұрышынан Қордың мекен-жайына немесе арнайы жасалған ғаламтор-ресурсына www.alemsaby.kz өз түйіндемесін жібере алады. әр өтініш аса зейінмен қарастырылады. Үміткерлің мүмкіндіктерін мәдени, өнер, ғылым, техника, спорт және тағы басқа әр түрлі саладағы сарапшылармен сынайы. Жоғары деңгейдегі профессионалдардың пікірі болашағынан зор үміт күттіретін таланттарды таңдап кейіннен оларға жан-жақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Бірегей қабілеті барларға «Сәби» Қоры арнайы оқу орындарында гранттар бөледі, конкурстарға, сайыстарға, олимпиадаларға және көрмелерге қатысуға, сонымен қатар компаниялар мен кәсіпорындарда машықтану өткізуге мүмкіндік береді.

Nomad’s Way шарасын өткізгеннен кейін Қорға 500-ден астам өтінімдер келіп түсті. Күрделі іріктеу жұмысынан кейін 27 адам грантқа қол жеткізді. Жұмыс әлі жалғасуда, әлі талантты да батыл үіткерлер саны ұлғая түсуде. Олар өзінің жұлдызды сәтін күтуде, ал біл болсақ сол кезге жеткізуге бар септігімізді тигіземіз. Жас мемлекетіміздің болшағаны деген көзқарасымыз тек жақсылыққа жорып, нағыз азаматтарды тәрбиелеуге жан-жақты ат салысатын боламыз. 

Тарих

«Сәби» Қоры қайырымдылық аукциондарын өткізу практикасын 2008 жылдан бастады. Сол жылдың қазан айында Лондон қаласында әйгілі бәссауда өткізетін Christie’s үйінің қолдауымен қазақстандық шеберлердің туындыларының көрмесі мен аукционы өткен болатын. Бұл оқиға Қор үшін ғана маңызын тигізіп қана қоймай, бүкіл Қазақстанға да өз септігін тигізді, өйткені көрермендерді еліміздің салт-дәстүрлерімен таныстырдық. Шараның қонақтары лоттарға аса қызығушылық танытып 1 000 000 АҚШ доллар шамасында қаражат жиналды. 

Барлық қаражат мүгедектер арбасымен мінетін арнайы гидравликалық көтергіштермен жабдықталған көліктерді сатып алуға жұмсалып, Қазақстанның қалаларындағы мүгедектер қоғамдарының аясында ақысыз көліктік «инватакси» қызметін ұйымдастыру үшін сый ретінде тартылды. «Мүгедектерге - лайықты өмір» атты жоба қазіргі уақытқа дейін өз жұмысын сәтті жалғастыруда. Бүгінгі күнде еліміздің 16 қалаларына 52 автокөлік тапсырылды, енді сол аймақтарда «инватакси» күнделікті жұмысын атқаруда.

2012 жылдың ақпанында Нью-Йоркте өткен қайырымдылық аукцион «Сәби» тарихында екінші рет өткізіліп отыр. Ол Қордың шет елмен жоспарлы да епті жұмыс істеу саясатын нығайта түсті. Шараның сәтті өткені біздің алда қойған мақсатымыздға нық сенімді арттырып ары қарай бағытымызды жалғастыруға түрткі болды. 
 

 Тасмағамбетовтың «Орталы-Азия зергер шеберлерінің бұйымдары» 
атты кітабының ақапараттары қолданылды, DIDAR, Алматы, 1997[/i]