Ең мықты экшн-сценаристің есімі белгілі болды

05/07/2012
Көрулер: 635

1-3 шілде аралығында Астана күнінің қарсаңында өткен III ASTANA Халықаралық экшн-фильмдер фестивалі өз мәресіне жетті. Кино мерекесі өз алаңында көптеген әлемге әйгілі киноиндустрия майталмандарын, яғни актерлерді, режиссерлерді, мәдениет және өнер қайраткерлерін тағы да бір рет жинап алды. 

Тимур Бекмамбетовтың жылдан жылға көптеген идеялар мен жоспарларды іске асыру арқылы Фестивальдің одан да қызықты да бірегей болады деген былтырғы берген серті орындалғандай болды. Қонақтардың ішінде: француз актері Венсан Кассель, әйгілі продюссерлер мен сценаристер Джим Лемли, Канг Дже Гю, Кевин Рейнольдс, белгілі ресейлік әртістер Владимир Меньшов, Елизавета Боярская, Галина Коньшина, Аркадий Укупник және «Z.Dance» тобы байқалды.

16 фильмнен тұратын кинобағдарламаның ішінде Тимур Бекмамбетовтың «Вампирлердің жауы: Президент Линкольн», Жюльен Леклерктің «Шабуыл», Марк Уэббтың «Жаңа Өрмекші-Адам» фильмдерінің тұсаукесерлері өтіп көптеген көрермендердің көңілінен шықты.

Кинофестиваль аясында өткен Сценарийлер сайысында «Сәби» Қайырылымдылық Қоры екінші рет ресми серіктестігі болды. 3 шілде күні салтанатты кеште жеңімпаздың есімі белгілі болды. Жеңіске жеткен бақытты адам болып Ұлыбританияның тұрғыны – Файзал Куреши танылды. Енді жас автор үшін Bazelevs кинокомпаниясымен бірігіп фильм тусіруге мүмкіндігі «қиялдар әлемінің» есігін аттағандай болды, және де оған қоса 10 000 доллардан тұратын қаржылай сыйлыққа ие болды. 

Біз өз тарапымыздан Файзалға өзінің жобасын тезірек өмірге келтіріп, профессионалды киноның шыңдарынан көріне берсін демекпіз.