Бекмамбетов байқауы жартылай финалға жетіп қалды

17/05/2011
Көрулер: 576

24 наурызда басталған, Тимур Бекбамбетовтің сценарийлер байқауына сұранымдарды қабылдау күндері артта қалды. 1 мамырдан бастап Байқаудың штаб қызметкерлері жартылай финалистерді анықтау жұмысын белсенді атқаруда. 

Осы жылы Қазақстан атынан конкурсанттар саны, басқа ел қатысушыларынан әлдеқайда асып отыр, мүмкін бұл Сайыс ұйымдастырушыларының «біздің үміткерлерімізге» арнайы жағдайларды ойластыру арқасында болар. Қазақстан қатысушыларың ақпаратын жинақтау мен сұрыптау, коммуникативтік байланысты қамтамасыз ету және ұйымдастыру міндеттерін орындаған, «Сәби» қорының қызметкерлері, сұраным қабылау кезеңінде 620 хат ішінде, 130 синопсистерді әрі қарай қарастыруға іріктеп шығарды. Енді үміткерлерімізді халықаралық жюри бағалайтын болады, оның құрамында әйгілі киноиндустрия продюссерлері мен режиссерлер болады.

Жартылай финалистерді іріктеу корытындылары, сондай-ақ қазақстандық сценаристері үшін қосымша жеңілдіктері жайлы 25 мамыр күні, Астана қаласында өтетін баспасөз конференциясында анықталады.