Менің Эстониядағы 6 айым

05/05/2018
Көрулер: 1850

 

Менің Эстониядағы 6 айым

IT технологиялар саласындағы Эстония туралы бірнеше деректер

е-Эстония: 2005 жылдан бастап елде онлайн-дауыс беру жүргізілуде. Барлық салықтарды интернет арқылы төлеуге болады. Құжаттарға ID-карталары (электрондық-сандық қолтаңба чипте сақталады) көмегімен қол қоюға болады, бүкіл ел бойынша 4G интернет жұмыс істейді, тіпті аз қоныстанған елді-мекендерде және ормандарда (Эстонияның 2/3 аумағы орманнан тұрады, жердің ½ ауданында ағаштарды кеспеу – бұйрығы бар).

Университет туралы біраз мәлімет:

Таллин Технологиялық университеті – шамамен 70000 түлектері және 100 елден астам 12 000 студенті бар елдің жалғыз техникалық университеті. Университет 200 жоғары технологиялы компаниялармен, оның ішінде  әйгілі Skype әлеуметтік желісімен (Microsoft-пен сатып алынған эстондық компания) серіктестікте. Университет барлық қажетті жабдықтармен, бағытқа байланысты (cisco, робототехника, мехатроника, және т.б.) түрлі зертханалармен  жабдықталған. Университетте, сонымен қатар, үлкен кітапхана (кітаптарды алу және тапсыру кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке және топтық оқу үшін бөлмелерді резервтеу мүмкіндігі бар 4 қабатты жеке ғимарат), спорт орталығы (кампус аумағында орналасқан жеке ғимарат, мұнда  студенттер келесі бағыттар бойынша курсты таңдай алады: фитнес, баскетбол, волейбол, гимнастика залы, сонымен бірге түрлі сайыстарға арналған жабық стадион) бар.

Киберқауіпсіздік  курсы туралы:

Тұтастай курс киберкеңістіктің техникалық, сонымен қатар, ұйымдастырушылық та аспектілерін қамтиды. Техникалық аспектілеріне: желілер, шабуыл және қорғаныс технологиялары, криптография және т.б. жатады. Ұйымдастырушылық аспектілерге жария ету заңдары, елдер арасындағы саяси және ұйымдастырушылық қарым-қатынастар, стандарттар мен психология кіреді.

Бірінші семестрде мен 7 пәнді зерттедім:

Malware 1 (Марварь 1) – пән зиянды бағдарламалардан қорғаныс категориялары, әдістері мен жүйелеріне шолу жасайды.

Курста оқу нәтижелері:

  • Зиянды бағдарламалардың түрлі типтерін түсіну
  • Зиянды БЖ-ны анықтау үшін құралдарды таңдау қабілеттері
  • Алдын-алу әдістерін қолдану қабілеттері

Malware 2 (Малварь 2) – бұл қауіпсіздік жүйелерінің түрлі техникаларын бұдан әрі зерттейтін жоғарыда аталған бағдарламаның жалғасы.  Екі курс та тәжірибелік болды, себебі көптеген өздік жұмыстары және техникалық тапсырмалар болды.

Сонымен қатар, бұл курсқа аталмыш уақытта киберқауіпсіздік саласында жұмыс істейтін түрлі спикерлер де келді, олар вирустар бағдарламашылары, түрлі деңгейлердегі жергілікті компаниялар мен ұйымдардың компьютерлік жүйлері қауіпсіздігі жөніндегі аналитиктер (ұлттық қауіпсіздік орталықтары, жекеменшік мониторинг орталықтары). Курс соңында мен зиянды бағдарламаларды сканерлеу және зерттеу, осалдылықтарды анықтау үшін бағдарламалық жасақтаманың қажетті құралдарын сканерлеу және пайдалануды және зиянды жүйелер мен бұзу жүйелерін егжей-тегжейлі зерттеу үшін кері инжинирингтің (бағдарламалауға бағытталған, бүгінде киберкеңістікте әйгілі термин) негізгі қабілеттерін қалыптастыра алдым.

Legal Aspects of Cyber Security (Киберқауіпсіздіктің заңды аспектілері) 

Киберқауіпсіздіктің құқықтық аспектілеріне шолу.

  • Киберқауіпсіздік және құқықпен байланысты қағидалық мәселелерді түсіну
  • Киберқауіпсіздік саласындағы өзекті  құқықтық және саяси құралдарды шолу
  • Киберқауіпсіздік мәнмәтінінде заң терминологиясын пайдалану
  • Киберқауіпсіздікпен байланысты тақырыптық зерттеу немесе нақты құқықтық мәселелерді талдауға арналған қабілеттер

Соңында киберкеңістікке, құқықтық мәселелер мен мүмкін шешімдерге қатысты шағын ғылыми-зерттеу жұмысы жазылды, бұл технологиялық салалардағы мәліметтерді жария етудің кең түсінігі мен білімін берді.

Foundations and management of Cyber Security (Киберқауіпсіздік негіздері мен оны басқару)

Бұл курстың басты мақсаты – киберқауіпсіздіктің техникалық және басқарушылық аспектілері туралы негізгі терминдер мен түсініктерді ұсыну. Курс көбінесе теориялық болды, бірақ, сонымен бірге өте пайдалы болды, себебі тұтастай компьютерлік қауіпсіздік саласындағы технологиялар мен стандарттардың барлық қажетті салаларын қамтыды.  Сабақ үстіндегі пікірталастар мен киберқауіпсіздік бағанасындағы жаңалықтар сыни ойлауды дамытты.

Entrepreneurship and Business Planning (Кәсіпкерлік және бизнесжоспарлау)

Курс кәсіпкерлік мәнін және оның үрдістерін, кәсіпкердің рөлі мен бизнес-жоспарлау қағидалары және үрдістің дамуы (өсімді қосқанда), сонымен бірге, таңдалған бизнес-идеяны іс жүзінде бизнес үрдіске жоспарлау, кәсіпкер болу мамандығын таңдауға көмектесетін бірігіп жұмыс істеу және пәнаралық зерттеулер арқылы бизнес үлгі жасап және бизнес-жоспар құрастыру, сыртқы бизнес орта мәнмәтінінде кәсіпорындар қызметтерінің негізгі аспектілері туралы түсінік беруге бағытталған . Маған бұның барлығы жаңаша, бірақ өте қызықты болды, себебі бұрын IT саласында мен мұндай пәндермен таныспадым. Курс ішінде бизнес-жоспар құрып, бүкіл үрдісті бұдан әрі түсіну үшін барлық егжей-тегжейлігіне үңілу қажет болы, барлық жұмыс топпен орындалды (менің тобымда Индия, Филиппин және Ираннан келген студенттер болды), бұл әрине артықшылық, себебі ұжымда жұмыс істеген кезде барлық идеяларды бөлісіп талқылайсың. Көпұлттық ұжым белгілі бір жағдайларға деген түрлі көзқарастар мен шешімдерді анықтау мүмкіндігін береді.

Network Technology 1 (1 желісінің технологиясы)

Бұл курстың мақсаты – іргелі желі концепцияларымен және технологияларымен танысу және түрлі қосымшалардағы шағын желілерді жоспарлау және енгізу үшін қажетті қабілеттерді құрастыру. Пән дәрістер мен тәжірибелік тапсырмалардан құралған, олардың барысында біз Cisco жабдығын пайдаландық. Барлық меңгерілген білім тәжірибелік болып табылады.

Introduction to Combinatorics and Elementary Cryptography (Комбинаторика мен қарапайым криптографияға кіріспе)

Курс мақсаты – математикалық жағдайы төмен студенттерге қарапайым криптографияға шолуды ұсынып, оларды бұдан күрделі (крипто) курстарға дайындау. Меніңше, бұл қайталау курсы және математикалық есептерді шешудегі мүмкін жаңа техникалар мен ойларды пайдалану, олар   бұдан кейінгі пәндерде бағдарламалау деңгейінде пайдаланылады.

ТТУ-нің қазақстандық ЖОО-нан айырмашылықтары:

- Біріншіден, бұл барлық қажетті жабдықтары мен технологиялары бар барлық мүмкін зертханаларға қол жеткізу. Әдетте, егер зертханаға сағат 20-ға дейін кіріп үлгерсеңіз (есіктер автоматты жабылатын уақыт), онда түні бойы техниканы пайдаланып , уақытыңызды пайдалы өткізуге болады.

- Ойын-сауық және зияткерлік деңгейдегі шараларды өте жиі ұйымдастыратын түрлі студенттік ұйымдардың үлкен көлемі. Зияткерлік ойындар, көршілес елдерге саяхат (Лапландиядағы Санта Клаусқа саяхат, Стокгольмге круиз, және т.б.). «СПА демалыстар», «Шаңғы күні», «Тауға шығу», «Каноэмен есу» және т.б. сияқты студенттік ойын-сауық- сауықтыру бағдарламалары. Және Еуропадағы дәстүрлі жұма күнгі кездесулер (meetup and networking) мен түрлі тақырыптағы нетворкинг, студенттердің өз елінің ұлттық тағамдарын ұсынатын түрлі аспаздық жәрмеңкелері. Сол шаралардың бірінде біз Эстонияда оқитын Қазақстанның 4 қызы жиналып қатысуға тырыстық.

- Университет технологиялық болғандықтан, оқушыларының максималды жайлылығы үшін барлық қажетті технологияларды пайдаланады, студент карталары 24/7 шағын кітапханасына, үлкен кітапханаға, сонымен бірге, қажетті зертханаларға қол жеткізу мүмкіндігін беретін чиптермен жабдықталған. Сонымен бірге мүмкіндіктері шектеулі студенттерге барлық керек-жарақтар ұсынылған.

- Бұдан басқа, компаниялар ашық қызмет орындары мен мүмкін тәжірибелер жәрмеңкесін жүргізетін күндер болады. Университеттің кәсіби психологтары студенттерге жұмысқа дайындалуға көмектеседі, түйіндемені құрастыруға ат салысады. Сонымен бірге университетпен серіктес және басқа компаниялардан тәжірибе немесе жұмысты табуға болатын жеке портал құрылған, бұл өте ыңғайлы. Барлығын бір жерде табуға болады, кеңес алып, еуропалық стандартты түйіндеме құрастырып, өзіңнің мықты қырларыңды білуге болады.

- Еуропалық комиссиямен демеуленіп, тегін ұсынылатын түрлі бағыттар бойынша жазғы мектептер мен жылдамдатылған курстар қызмет етеді. 

- Әр мамандық үшін белгілі бір пәндер жоспары бар, олар міндетті, элективті және өзіндік қалау немесе таңдау пәндері болып бөлінеді. Бүтіндей олар жалпы 120-дан 10 кредитті құрайды, олар бойынша ақпараттық технологиялар факультетінде оқи отырып, студенттер тіпті басқа бағыттағы пәнді қалауы бойынша таңдай алады, мысалы, «Журналистика», «Спорт», «Өнер» және т.б. және әр студент өзі үшін қызықты пәнді таба алатын элективті пәндердің үлкен тізімі бар, бұл бүгінде біздің жоғары оқу орындарымызда дамымаған. Сонымен қатар, университеттер бір-бірімен серіктес болып, бірлескен курстарды ұсынады. Бұл түрлі университеттерде оқу тәжірибесін алудың тағы да бір мүмкіндігі.