Ақындар сайысы-2019 жалғасуда

01/04/2019
Көрулер: 2348

"Саби" қайырымдылық қорының қолдауымен жыл сайы ұйымдастырылатын мемлекеттік тіліндегі Жас ақындар сайысы-2019 байқауына қатысуға асығыңыздар.  

Аталмыш сайыс 9 жыл бойы байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын 15 балаға қолдау көрсетті, олардың жетеуі Қордан жалпы сомасы 13,3 млн. теңге болатын білім гранттарын ұтып алды, ал 8 қатысушы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, 1000 дана таралыммен қатысушылардың ең үздік шығармалары енгізілген 2 жинақ жарыққа шықты. Бүгінгі күні оқу орындарын бітірген лауреаттар Қазақстанның ірі телекомпанияларында және республикалық газеттер мен интернет-басылымдарда жұмыс атқарып жүр.

Келер болашақта біздің сайысқа қатысқан ең үздік ақындармен бірге деректі фильм түсіруге жоспарлаудамыз. Фильмнің режиссеры ретінде «Сәби» Қорының білім грантын жеңіп алған, АҚШ-тағы Нью-йорк фильм академиясын бітірген дарынды жігіт, танымал қазақстандық документалист және фотограф – Қанат Бейсекеев болады.

Сайысқа қатысам деушілерге 31 мамырға дейін өз өлеңдерін жіберуге болады.

Толығырақ ақпарат: +7 727 311 29 38 телефоны бойынша біле аласыз.