«Алғыр» математиктер курсы. Бірінші жылдың қорытындысы

12/06/2015
Көрулер: 658

«Сәби» Қорының «Әлем» Бағдарламасының аясында Алматының 10 оқушыларына «Алғыр» математиктер курсының алғашқы оқу жылы аяқталды.

Күрделі іріктеудің арқасында таңдап алынған балалар 5 жыл бойы оқитын болады. Алғашқы оқу жылынан бастап біздің балаларымыз математиканың көрсеткіштерін ұлғайтты. Сегіз бала мектепте математикадан «5», а қалған екеуі төрт алды. 

Балалардың ішінде, осы жылы алтыншы класты бітірген бір оқушының дарындылығын ерекше атап өткіміз келеді. Біз оны «вундеркинд» деп атадық. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Әлібаев Әкежан группада ең кіші болса да 8 сыныптың есептерін оп-оңай шығарады. Бұл бала Назарбаев Зияткерлік мектебінде тестілеуді сәтті өтіп оқушылар қорының тізімінің алдынғы беттерінде тұр. Тікелей НЗМ-не түсу үшін орыс тілімен ағылшын тілінен керекті балдары төменірек болып қалды. 

Оқытып жатқан орталықтың мұғалімдері «Сәби» Қорының қамқорлығындағы барлық балаларға риза болып отыр. Өйткені олар бұндай маңызды процеске үлкен жауапкершілікпен жақындады оған қоса көп еңбек етті және сабақтарынанда қалған жоқ. 8 ай ішінде балалар өздерінің сүйікті пәнін одан ары меңгеру үшін берік іргетасын қалады.

P.S. Қуана тіпті таң қаларла айтқымыз келгені, біздің жас математиктеріміз жазғы демалыстар кездерінде курстағы оқуларын үзбей жалғастыруға шешім қабылдады. Бұңдай да болады екен.