Алтыншы ақындар мүшайрасының қорытындысы

15/06/2016
Көрулер: 1704

Жыл сайын «Сәби» Қорымен жарияланатын мемлекеттік тілдегі Алтыншы ақындар мүшайрасының қорытындысы шықты.

Шығармалық сайысқа өтініштер еліміздің әр түкпірінен келді. Әдебиет саласындағы бас сарапшы ретінде танымал балалар ақыны, аудармашы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Балдырған» журналы бас редакторының орынбасары Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы тағайындалды.

Жас ақындарымыздың ішінен осы жылы біздің сарапшымыз тек қана бір қатысушының ақындық қабілетін жоғары бағалады. Бұл Қызылорда облысының Қазалы ауданы, Қожабақы ауылының тұрғыны, №25 мектебенің 10 сынып оқушысы - Бөкебай Дина. Сарапшымыз жас ақын қыздың техникалық сөз саптауын ғана емес, оған қоса дүниеге деген көзқарасының кеңдігін және поэзия мағынасының тереңдігін меңгергенін айтты.

Сонымен Бөкебай Дина ақындық байкауымыздың жеңімпазы болды және бас жүлде ретінде оған ноутбук табыс етіледі. Оған қоса келесі жылы «Сәби» Қорының «Әлем» жас дарындарды қолдау Бағдарламасының аясында білім грантының иегері болуға тамаша мүмкіндігі бар. Төменде Динаның шығармаларының бірін назарларыңызға ұсынамыз.
 

Аспанды аңсау

Қиялилар аспан жақтан қашқан жоқ,
Тартылыстың күшіне бар зор үлгі:
Талпынсам да, маған төсін ашқан жоқ,
Үйретті тек, Аспан ақын болуды.
Айда жүріп қыс өткерген, күз көрген,
Жұлдыздардан тізбектелген иірімше.
Аңсап-аңсап қоя салған біздерден,
Ғарышкерлер бақыттырақ мейілінше.
Жолдар, жолдар сағым болып сіңулі,
Суық болып көрінеді тыстан өң.
Самолетке қаламас ем мінуді,
Көбелек те, болмадым-ау құс та мен.
Аппақ түске малшынатын, қарасыз,
Будақ-будақ жол қалдырып еңіске.
Ұша алмаймыз, пенде біткен шарасыз,
Өйткені тек ұша алады періште!
Күтер жанмын әлі де үміт, әлі нұр,
Тілдесейік, Аспан, ұшар бер үкім.
Кім ұшса да, кім көрсе де бәрібір,
Анау аспан менікі...
Қанат іздеп теңіз кешіп, бел асқан,
Біз сырласпыз, мені өзіне қабылдар.
Мен аспанды ...мекен еткен мені аспан,
Өйткені онда көрінбейтін Тәңір бар.
Ойсыз өткен сәттер қанша, мұнар күн,
Құшағыңды ашпағанды балап сыз.
Аспан жақты ұмытатын шығармын,
Қанатсызбын...қанатсыз!