Бетке ұстар «әлемдіктер»!

13/09/2012
Көрулер: 636

Балғын жастарына қарамай өз саласында мақтан тұтатындай жетістікке жеткен «әлемдіктермен» біз ары қарай таныстыруымызды жалғастырамыз.

Бетке ұстар «әлемдіктер»!Назарларыңызға өмірінің басында тұрған, бірақ болашағынан зор үміт күттіретін, әлі де әлемнің әр бұрышына әйгілі болатын режиссерді ұсынып отырмыз. Оның есімі - Медет Шаяхметов, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 2 курс студенті, сегіз қырлы бір сырлы жігіттердің бірі, «нағыз дарынның барлық жаққа қабілеті бар екен» деген мәтелді толығымен ақтап отыр, жүрген жерінде өзінің энергиясымен және жақсы көзқарастарымен жарақтандырады. Медет – алуан түрлі қалалық, республикалық және халықаралық вокалды сайыстардың дипломанттары болған, скейтбордпен және битбокспен айналысады, граффити мәнерінде көптеген дизайнерлік жұмыстардың авторы, моушн-графикасымен айналысып, видеоклиптер мен бейнероликтерді түсіріп азын аулақ ақша тауып жүр. Бірақ өзінің өмірін бұл бозбала «монтаж режиссурасы» мамандығымен байлады, бүгінгі күнде оқудың ақысын «Сәби» Қоры өтеуде, және сонымен қатар оның шет елде тәлім алуы туралы мәселе де қарастырылып жатыр. Бетке ұстар «әлемдіктер»!

Бетке ұстар «әлемдіктер»!«Әлем» Бағдарламасының жаңа қатысушысы, жас ақын Қарлыға Темірғали жайлы да тоқталып өтсек дейміз. Бұл бойжеткенді біз алғаш рет Атырау облысында, еліміздің алшақ аудандарында жас дарындарды іздеу бойынша іс-сапарында жұмыскерлеріміз танысқан, нақтырақ айтқан «тапқан» болатын. Осы кұнге дейін жас автордың шығармалары жергілікті газеттерде жарияланып және ұлттық радиоларда да лирикалық бағдарламаларында бірнеше өлеңдері оқылып та өткен. Бірақ та, Қарлығаға осы жеткен жетістігіне тоқталмай ары қарай өнерін дамытып, сапалы білім алып, бара келе ұстаздарының көмегімен шеберлігін ұлғайту керек. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде оқу – творчестволық бой көтеріп және мамандық иесі болудың мүмкіндігінің шығынын біздің ұйым толық өтеп, студент қызды қолдап «әлемдіктер» қатарына қосты.

 

Бетке ұстар «әлемдіктер»!Үшінші болып Тимур Алдабергенов кезекте тұр. Ұлттық телеарнадан көрсетілген үлкен концертте Сәби» Қорының қоладуымен ән салған кезде оның әдеми лирикалық баритонына тал қалған адамдар арамызда баршылық. Үстіміздегі жылда ол «MEZZO» тобының ішінде болып, әйгілі «Х-фактор» телеарналық вокалды шоуда ақтық финалға дейін қол жеткізіп екінші орынды иеленді. Табиғи сүйкімі бар әншінің керемет даусы барлықтарымызды тәнті қылды. Классикалық музыкалық білімді бозбала Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында біздің демеушілік көмекпен алған болатын. Ал бірнеше күн бұрын, Тимур өзін кинода түсуге армандап жүргенін айтты. Бұл сөзіне біз құлақ түрдік: «Әлем» Бағдарламасының құрметті сарапшысы, белгілі кинорежиссер және продюссер Ақан Сатаев оны киносынамаға шақырды. Осылай армандар орындалатынына біздің күмәніміз жоқ!