«Экшн» ырғағындағы финалистер

06/06/2012
Көрулер: 630
Атақты Альфред Хичкок: «Жақсы кино түсіру үшін тек қана үш нәрсе қажет: сценарий, сценарий және тағы да сценарий» деп айтқан болатын. Осындай дана ойды ары қарай жалғастырмақ мақсатында Халықаралық «ASTANA» экшн-фильмдер кинофестивалінің аясында біздің отандастарымызбен бүкіл әлемнің қатысушыларына үш жыл бойы қатарынан жоғары деңгейде Сценарийлер сайысы өткізілуде.«Экшн» ырғағындағы финалистер

Қазақстанда осындай күрделі байқау Астана қаласының басшылығының және «Сәби» Қайырылымдылық Қорының «Әлем» Бағдарламасының қолдауымен өтуде.

Бүгінгі күнде әйгілі режиссер Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» кинокомпаниясымен жұмыс жасауға және 10 000 $ көлеміндегі ауқымды қаражаттай сыйлықты ұтып алуға мүмкіндік алған 10 ең мықты сценаристердің есімдері белгілі болды (оның ішінде 5 қазақстандық және 5 халықаралық).

2012 жылдың 1-ші және 3-ші шілденің аралығында Астана қаласында өтетін фестивальда финалистер өздерінің «экшн» жанрында жазған сценарийларын білікті аудиторияның алдына талдауға береді.

Басты жүлдені ұтып алатын адамның есімін біз кейіннен төменде көрсетілген тізімнен таба алатын боламыз: