«Әлем» Бағдарламасы екінші мүмкіндікті береді
Бірде-екілі жетіспеген баллға бола Мемлекеттік грантқа қол жетізе алмаған 11 жыл қажырлы еңбек пен үлгерімнің зая кеткені өте өкінішті-ақ. Осындай жағдайларда келешегінен үміт күттіретін жастары, әсіресе әке-шешесінің табысы жеткіліксіз ауылдың қара домалақтарына екінші мүмкіндік беру өте қажет.
«Сәби» Қорының «Әлем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы мектеп қабырғасында үздік көрсеткіштерді танытқан, бірақ тест тапсырған кезде кідіріп қалған балаларға «сиқырлы таяқтың» сермеуіндей көмек көрсетеді. Біздің Қор қабілетті бозбалалар мен бойжеткендердің қалаған оқу орындарында ақысын төлеп, армандарын өмірге келтіреді. Жас буынның сапалы білім алуы бүгінгі күнде Қазақстанның болашағы үшін маңызы орасан зор.