«Әлем» бағдарламасы Қостанай қаласының жас талантына қолдау көрсетеді

20/10/2010
Көрулер: 620

2010 жылдың қыркүйек айында «Сәби» қайырымдылық қорының (Welfare Fund “Saby”) дарынды балаларды, жасөспірімдерді, бозбалалар мен бойжеткендерді іздестіруге және жас таланттардың дамуына ықпал етуге бағытталған “�?лем” бағдарламасы жұмыс істей бастады. 

Қордың қолдауына ие болуға алғаш үміткер – Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық �?нститутының он тоғыз жастағы студенті Жасұлан Сыдықов аса дарынды болып шықты: ол ән айтып, музыка жазады әрі көркемдеумен айналысады. Өзі жайлы ақпаратты www.alemsaby.kz сайтына жолдаған Жасұлан “�?лем”бағдарламасының іріктеу комиссиясының – тіркелген қатысушыларға баға беретін білікті әрі беделді сарапшылардың назарына іліккен болатын. 

Біз баланы Алматыға шақыртып белгілі қазақстандық сазгер Ренат Гайсинге көрсеттік, ол жас әншінің вокалдық дарынының бар екенін айтып және «ертеңгі күні біз үлкен сахналардан нағыз кәсіби шеберлердің өнеріне тәнті болу үшін бүгінде дарынды балалармен жұмыс жүргізу қажет» деп атап кетті.

Жасұланның көптен бері аңсап келе жатқан арманы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқу ендігі уақытта жүзеге аспақ – оқу орнында алдын-ала іріктеуден сәтті түрде өткен жағдайда “Сәби” қайырымдылық қоры оның білім алу грантын қаржыландыруға дайын. Болашақ сахна жұлдызына қажырлық пен шыдамдылық тілей отырып бірнеше жылдан кейін біз оны Қазақстанның сахнасынан ғана емес, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі беделді өнер сахналарынан көретін болармыз деген үмітімізді білдіргіміз келеді.