«Әлемдіктің» алғашқы рөлі

23/11/2016
Көрулер: 1441

17 қарашада Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында «Сәби» Қорының «Әлем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасыныңқатысушысы - Азамат Малышов сахнада алғашқы рет жеке рөл орындады.

Әнші Турандот операсының Мандарин партиясынтамаша орындап, көрермендердің ризашылығына бөленді.

Азамат үшін 2016 жыл маңызды оқиғаларға толы болды. Осы жылы Қазақ ұлттық консерваториясын «вокал» мамандығы бойынша бітірді. Сонымен қатар студент бола тұрып өзінің вокалдық шеберлігін театрдың хорында арттырып, солистердің қатарларына қосылды.

Біз өз тарапымыздан «әлемдікке» армандаған рольдерін орындап, қойылымдары тек қана аншлагпен өтуіне тілектеспіз.