Ноутбук – бүкіл әлеммен байланыс

03/05/2011
Көрулер: 679

«Сәби» Қайырылымдық қорының дарынды жастарды қолдауға бағытталған «Әлем» бағдарламасына Семей қаласынан 14 жасар, ауыр науқасты, 2-ші топтың мүгедегі, бірақ өте екпінді және қайсарлы Әнуар атты бала хабарласты.

Әнуар сурет салу мен мүсін жасаумен әуестенеді, ал сүйікті пәндері – математика мен физика болып табылады. Жасаған жұмыстарының нәтижелері өте жақсы. Өкінішке орай, ауыр сырқатының салдарынан, жас бала үйінде отырып білім алуына мәжбүр болды. Алайда ол, бүкіл әлеммен қатынасып, жаңа достар тауып, олармен өз өнерімен бөліскісі келеді.

«Әлем» бағдарламасы бойынша, жас талапкердің кандидатурасы сарапшылармен қарастылырылып, Қор атынан Грантты иелене алмай қалды. Дегенмен, балаға мейірімі үстем болған, Қор басшылығы өз тарапынан оның ынтасын көтермелеп, интернет арқылы әлемдегі миллиондаған қолданушылармен хабарласып тұруына мүмкіндік беретін Apple ноутбугын сыйға тартты.