Табандылық жоқ жерде дарын да жоғалады

11/10/2016
Көрулер: 753

Адамның дарыны мен жігері, әсіресе ол бала болса, әрқашанда ынталандырылуы керек. Бірақ кей-кездері кей жағдайлар сенің лайықты марапаттарға ие болуыңа ғана емес, тіпті өз қабілеттеріңді айналаңа паш етуге, ең біріншіден өзіңе, сонан соң сені қоршаған адамдарға сенің "өз сүйікті ісіңнің шебері" болуға лайықты екеніңді дәлелдеуге кедергі болып жататын тұстары кездеседі. Дәл осындай жағдай талай рет республикалық және xалықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған жас скрипкашы қыз Малика Бектұрованың өмірінде орын алды. 

Малика - Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының 8-ші сынып оқушы. Жасының кіші болғанына қарамастан, ол оқу уақытымен қатар, демалыс уақыттарында да скрипкада ойнаудың күн сайынғы жеті сағаттық дайындығына қатысу арқылы балаға жат (немесе үлкендерге тән) табандылық пен ұмтылыс танытады. Ата-анасы қыздарының музыкалық дарынына қолдау көрсетіп, оның еңбегін жетекші-кәсіби музыка мамандары бағалайтындай деңгейге жетуі үшін барын салуда. Бірақ, өкінішке орай, олар биыл Маликаның Санкт-Петербургте өтетін Л.Ауэр атындағы скрипкашылардың Халықаралық байқауына баратын жол шығынын көтере алмады. 

Жас қыз бұл мәселеде де табандылық танытып, байқауға қатысудың қосымша жолдарын іздей бастады. Ол ғаламтор бетінен біздің www.alemsaby.kz сайтымызды тауып алып, бұл жерден "Сәби" Қоры ұйымдастырған "Әлем" дарынды жастарды қолдау бағдарламасына қатысуға өтінішін береді. Қор басшылығы оның түйіндемесімен танысқан соң, Ресейдің солтүстік астанасында өтетін байқауға барар жол шығынын көтеріп, жас дарынға қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды. 

Маликаның біздің артқан үмітімізді ақтап, Қазақстанды күллі әлемге абыроймен танытатынына сеніміміз мол!