Төртінші ақындар мүшәйрасының қорытындысы

12/06/2014
Көрулер: 1478

Достар!

«Сәби» Қорымен жыл сайын жарияланатын мемлекеттік тілдегі төртінші ақындар мүшәйрасы аяқталды. Бұл сайыс бүкіл Қазақстан бойынша жас авторлардың шығармашылық қабілеттіліктерін аша, дәстүр бойынша қаңтар мен мамыр айларының арасында өткізіледі.

Осы жылы әдебиет саласындағы бас сарапшы болып танымал балалар ақыны, аудармашы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Балдырған» журналы бас редакторының орынбасары Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы тағайындалды. Жас сөз шеберлердің жұмыстарын бағалады: «Қазіргі жастарымызда ауыспалы мәннің дамығанын, логикалық жүйелілігіндегі сөздердің егжей-тегжейдігі және күйзелісін көру, сонымен қатар оқырманмен диалогтың дұрыс қойылғанын байқау маған қуанышты болып отыр».

Мүшәйраның қорытындысы бойынша қатысушылардың арасында ең лайықты боп Батыс-Қазақстан облысынан Ғилымханов Мәрленге бірінші орын бұйырды. Оған бас жүлде – ноутбук сыйланды. Бірақ та конкурсанттардың сөзі бойынша одан да зор жүлде боп – «Әлем» Бағдарламасының білім беру гранттары үшін күресу мүмкіндігі болып табылады. Жеңімпазпен бірге, екінші және үшінші орынға ие болған лауреаттарға, Арқалық қаласынанҚымбат Мырзатаеваға және Атырау облысынан Рахымжан Орынбасаровқа да біздің Қор сондай мүмкіндік берді.

Назарларыңызға таңдаулы конкурстық шығармаларды ұсынамыз.