Welcome Home, Kanat!
Уақыт зымырап өтіп барады! Сәби Қорының дарынды жастарды қолдау «әлем» бағдарламасы бойынша халықаралық грантының иегері Бейсекеев Қанатты кеше ғана жіберген сияқты едік, содан әлемнің жартысын өтіп Нью-Йорк киноакадемиясының бір жылдық «Фотосурет» курсын оқуына кірісіп, бүгін ұшақтың баспалдағын аттап отанына аман есен оралды.
Қарқынды оқу курстың аясында, төрт мезгілдің ішінде біздің «әлемдік» баламыз документалдық, классикалық, көркемдік және коммерциялық стильдегі кез келгеніне ғана емес, тіпті оданда зор жобаларға қатысып әлемнің ең профессионалды студияларында фотоға түсіру техникасын меңгеріп алды.
Сонымен қатар Қанат әйгілі журналдардың жеке тапсырыстарын алып жұмыспен оқуды қатарластырды, лукбуктарды түсірді, сосын АҚШта тұрып жатқан қазақстандықтар туралы репортаждар топтамасын жасады. Соңғысы Америкаға бақыт жолында көшіп кеткен бұрынғы отандастарымыз туралы көптеген қызықты нәрселер білген интернет пайдаланушылардың арасында белсенді пікірлер айтылды.
Қанаттың сөзінен, ол өзінің шығармашылығына айтарлықтай байыпты көзбен қарай бастады, әр қадамын толық ойластырып, әр фотосуретке жанын салып жұмыс істеуді үйренді. Бірақ оқу процессі бұл жерде тоқталған жоқ, керісінше алдында күтіп тұрған жұмыстары көп, жаңа жобалар, жеке бастың шексіз дамуы.
Сәби Қоры сенді, «әлем» Бағдарламасы алға бастырды, Академия үйретті. Ал енді Қанат болашағың сенің қолыңда.
Сіздер Бейсекеев Қанаттың портфолиосымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.