Жас ақындарға – жоғары баға

27/06/2011
Көрулер: 1317

Сәби» Қорының мекен-жайына «Әлем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасы бойынша еліміздің түпкір-түпкірінен келіп түскен сұранымдар арасында, жас ақындардың өлеңдері де бар. Ауылдың жастарын қолдау мақсатымен, біз шығармашылық туындарға баға беруге, әдебиет жөнінде сарапшымыз - ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы және «Балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы» Қали Сұлтан Қалиұлын шақырдық. 

Сұлтан Қалиұлы қолына түскен жұмыстарды аса зейінмен қарастырып, өз пікірмен бөлісті: өлеңдердің тақырыбы әр-түрлі, сонымен бола деңгейлері жаман емес, бірақ кейбір шығармалардың аз-маз қателері болғандықтан, түзетуді талап етіп отыр. Шығармалардың арасында Ақтөбе облысында тұратын он бес жасар Сейітова Бағдагүльдің өлеңдерін біздің сарапшы ерекше атап өтті. Бағдагүль өзінің жасына қарамастан өте терең және өмірлік етіп жазған.

Бұндай жоғарғы баға – жас ақынға үлкен жетістік. Сонымен қатар, бұл еңбектері үшін біздің Қор атынан Алматы қаласындағы оқу орындарының біріне төлемақы - Грантына марапатталып отыр.
Кәсіпқой ақынның пікірі мен тілектері балаларды одан ары ынталандырып, әрі қарай шығармашылық ісіне табыс пен жетістіктер әкелетіне үміттенеміз.

«Сәби» Қорының грантына барлық ниеттенушілерге назар саламыз, «Әлем» бағдарламасына қатысу үшін сіздерге сайтымыздағы www.alemsaby.kz сауалнаманы толтыруыныз қажет.