Жас музыкантқа сыйлық

18/04/2012
Көрулер: 572

Өткен жылдың күзінде, жас дарындарды қолдау шеңберіндегі «Әлем» бағдарламасыныңсапарларының бірі кезінде, «Сәби» Қорының қызметкері, Қызылорда облысының Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде тұратын, 7 жасар Нұрзаттың отбасымен танысты.

Керемет вокалдық мен туа біткен артистік қабілеттері жас музыкантты бала кезінен ауданның атақты адамына айналдырды. Кентте оның қатысуынсыз бірде – бір мейрам өтпейді. Дарынын дамытуға зейнеткер атасы көмектеседі. 

Баланың әнге және музыкалық аспаптарда ойнап үйренуге деген зор ұмтылысын ескере отырып, «Сәби» қайырымдылық Қорының «Әлем» Бағдарламасының талдау комиссиясы оған Yamaha Клавинова санды пианиносын сыйлады. Ата-анасының айтуы бойынша, Нұрзат мұндайды тіпті армандай да алмаған, «Сәби» Қорының оған мұндай аспапты сыйлайтынын білгенде, тіпті мазасы кеткен. 

Бірнеше күннен кейін, көптен күткен сыйлық жаңа иесіне жеткізіледі, ал біз Нұрзаттың музыка саласындағы келешектегі жетістіктері мен тағдырын бақылап отырамыз.