Зыряновтың дарынды балаларына бағытталған іс-сапар!

03/06/2011
Көрулер: 619

Күнбе-күн бiз еліміздің әр аймақтарынан, «Әлем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасыбойынша Грантты иеленуге үміттенген ізденушілерден көптеген хаттар және пікірлер түсіп отыр. 

Қабылданған сұраныстардың арасында Зырянов қаласындағы мектеп-лицейдің оқушылары үлкен белсендiлiктi танытып отыр, осыған байланысты, балалармен жақынырақ танысу үшiн Қордың басшылығы Шығыс-Қазақстан облысына iс-сапармен «Сәби» қызметкерін жiберуге шешiм қабылдады. Балаларды қорғау күнінiң қарсаңында, мектеп-лицейдiң әкiмшiлiгің қатысуымен болған кездесуде грант алушылармен сұхбат жүргізіліп, жаңа талапкерлерден сауалнамалар толтырылды. 

Іс-сапардың басты мақсаты – «Әлем» бағдарламасын ары қарай дәріптеу мен дамыту,
- орындалды деп есептейміз, өйткені «Сәби» Қорының Грант иегерлерінің арасына Зыряновтың бiрнеше түлектерінің қосылуы, басқа қалалар мен ауылдарда тұратын жас дарындарға қосымша шабыт беретіні сөзсіз. 
Жобаға қатысып, үміткерлер санының тізіміне қосылу үшін, алдымен www.alemsaby.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру керегін еске саламыз.[/i]

«Сәби» Қорының ШҚО-да бiрнеше жобалар бойынша қарқынды жұмыс атқаруына байланысты, іс-сапар тек қана «Әлем» Бағдарламасымен ғана шектеліп қоймады. Сол себепті Өскемен және Семей қалаларында аялдамалар ескерілді. Бүгінгі күнде Өскемен қаласында орналасқан «Үміт» балалар үйiнде, «Спорт-денсаулық-жетістіктер»бағдарламасы аясында, көп функционалды спорт ауласы тұрғызылып жатыр, сонымен қатар бірнеше түлектер «Сәби» Қорының Грантына иеленіп отыр, ал қамқорлығымыздағы«Берегиня» жанұяны қолдау қалалық орталығы «Мүгедектерге лайықты өмір» бағдарламасы бойынша, Семей аумақтық мүгедектер қоғамы сияқты, Қор атынан «инватакси» автокөліктерін сыйға алды. Жолыққан нысандардың жай-күйі бізді толық қанағаттандырып, ал жиналған ақпараттар уақытылы және тиімді болды.