- қаңтар 2011 – желтоқсан аралығында «Әлем» Бағдарламасының іріктеу комиссиясымен еліміздің 35 елді мекендерінің үміткерлерінен келіп түскен 270-ге жуық сұраныстар қарастырылды; «Әлем» Бағдарламасын жастарға үгіттеу мақсатымен 17 елді мекендерге Қор жұмыскерлеріне іс-сапар ұйымдастырылды; 8 балаға шығармашылық тыңдау жүргізіліп жоғарғы дәрежелі вокал мамандарымен баға берілді;
- маусым 2011 – әр-түрлі номинацияда таланты бар грант иеленуші үшін 12 үміткер сұрыпталды;
- қаңтар-маусым 2011 – Мемлекеттік тілде ақындар сайысы жарияланып, басты жүлдеге Ақтөбе облысының тұрғыны Сейітова Бағдагүл қол жеткізді, ол мектеп бітіргеннен кейін «Әлем» Бағдарламасы бойынша Грантқа ие болды.
- наурыз- шілде 2011 – «Әлем» Бағдарламасы аясында Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» Компаниясымен бірігіп – Қазақстанның түпкір-түпкірінен дарынды сценаристерді іздеу және сұрыптау бойынша - Сценарийлер байқауы өткізілді; барлығы 650 хаттың ішінде 132 сұраныстар сұрыпталып, 10 жартылай финалистер айқындалды; шілде айында болған фестивальдің аясында жеңімпаз анықталды – Бахтиер Кадыров;
- шілде 2011 – Астана күнінің мерекелік күндерінде «әлемдіктер» - Жасулан Сыдыков пен Тимур Алдыбергенов қатысты;
- сәуір, қыркүйек 2011 – Семей қаласының тұрғындары Хаметов Ануарға және Солтанов Бекнурға өздерінің шығармашылықтары үшін Қор атынан ноутбуктар сый ретінде ұсынылды;
- шілде-тамыз 2011 – Алматы қ. Орталық Көрме Залында 9 жастағы Петпропавлоск қаласынан келген жас суретші Кузнецов Романға 2-апталық жеке көрмесі ұйымдастырылды;
- қыркүйек 2011 – Ақтөбе облысының тұрғыны Асанова Шамшырақ және Петропавловск қаласындағы Лушникова Елена «Әлем» Бағдарламасы бойынша престижді оқу орындарында мамандық алуға Гранттарға ие болды;
- қазан 2011 – Алматы қ. Шахматшылар одағына спорттық керек-жарақпен, қажетті жабдықтар мен жиһазбен қамтыды: шахматтық үстелдер, орындықтар, фигуралар мен сағаттар сатып алынды; сөйтіп 2011 жылдың қараша айында балалар-жасөспірімдердің біліктілік турниры өткізілді;
- желтоқсан 2011 - Жасулан Сыдыков пен Тимур Алдабергенов ҚР Тәуелсіздігіне 20 жылдығына орай 16 желтоқсанда ұйымдастырылған мерекелік концертке қатысты.